Динара Нағимоллақызының «тарих пәнінің мұғалімі» және «заңгер» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар, тарих ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 1997 жылы орта мектепте тарих және экономика пәндерінің мұғалімі болып бастады.
2002-2006 жылдар аралығында Маңғыстау облысының білім департаментінде бас маман, 2006-2007 жылдар аралығында облыстың тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында бөлім бастығы, 2007 – 2009 жылдар арылығында аталған басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2009-2010 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімдігінің білім басқармасының тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы, 2010-2011 жылдар аралығында Ақтау қалалық білім бөлімінің бастығы, 2011-2015 жылдар аралығында облыстық білім басқармасының басшысы болды.
2015 жылы облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері, 2015-2017 жылдар аралығында облыс әкімдігінің «Тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру» өңірлік орталығының директоры, 2017-2018 жылдар аралығында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облыстық филиалының директоры қызметтерін атқарды.
2018 жылдың наурыз айынан бастап 2022 жылдың наурыз айына дейін «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының бас директорының жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.
Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев ұжымға басқарманың жаңа басшысын таныстырып, жұмысына табыс тіледі.