Елордада алғаш рет Күй жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мәдени-рухани іс-шара Дина Нұрпейісованың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтыны сілтеме жасап.

Биыл алғаш рет қолға алынған іс-шараға мектеп оқушылары, студенттер мен қоғам және өнер қайраткерлері қатысты. Жиында 100-ге жуық адам Дина Нұрпейісова мен өзге де танымал композиторлардың туындыларын орындап, бар өнерін ортаға салды.
Халықтың қошеметіне бөленіп, күйді шебер тартқандарға арнайы сый-сияпаттар берілді. Ал үздік өнерпазға үкілі домбыра мен «Дина Нұрпейісованың 25 күйі жазылған жинақ» табысталды.
Айта кетейік, Дина Нұрпейісованың ескерткіші былтыр 3 шілдеде «Ұлттық домбыра күні» қарсаңында ашылған.
«Бағдарлама бойынша Дина Нұрпейісованың бірнеше күйі орындалды. Басты мақсатымыз – жастарды халқымыздың төл өнеріне баулу, осы арқылы еліміздің патриот жастарын тәрбиелеу. Осындай күй жәрмеңкесін дәстүрлі түрде өткізіп тұруды қолға алдық. Ай сайын осы жерге халық жиналып, күй тыңдайтын болса, одан артық бізге қандай бақыт керек. Келіп, көремін деген жандар өнерімізді тегін тамашалай алады. Ұлттық өнерді сүйетін қауымға ниет-пейіліміз әрқашан ашық», дейді «Күй анасы» республикалық қорының жетекшісі Төлеген Қуанышев.
Іс-шара барысында қоғам және өнер қайраткерлері Дина Нұрпейісованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, маңайына 15 шырша ағашын отырғызды.
Аяна Тоғанбек
Головкин мен Канело жекпе-жегінің уақыты белгілі болды
Бокс • Бүгін, 12:39
Президент мұнай тасымалдауда Транскаспий бағдарын дамытуды тапсырды
Президент • Бүгін, 12:30
Қаңтар оқиғасы кезінде Ақтөбе әуежайын басып алғандарға сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 12:23
Елена Рыбакина Уимблдонда жартылай финалдық кездесуін өткізеді
Теннис • Бүгін, 12:12
Президент: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет
Президент • Бүгін, 12:04
Алматының екі ауданында бірнеше күн ыстық су болмайды
Аймақтар • Бүгін, 11:59
Қызылордада 20 жастағы қыз аса ірі синтетикалық есірткімен ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:33
Еңбек инспекторлары 10 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады
Қоғам • Бүгін, 11:25
Қазақстанда автогаздың шекті бағасы белгіленеді
Қазақстан • Бүгін, 11:16
Алкоголь өнімдерін заңсыз дайындаған адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Қаржы • Бүгін, 10:59
Маймыл шешегі балаларға жұға бастады
Әлем • Бүгін, 10:47
Оқиға • Бүгін, 10:37
Қаржы министрінің орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:24
Қазақстанда 1734 науқас коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 10:18
Әлемде аштықтан жапа шеккендер көбейді – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:06
Өткен тәулікте 330 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:55
Антикор Лариса Пактың өліміне қатысты тергеуді бастады
ANTIKOR • Бүгін, 09:45
ЕҚЫҰ Бас хатшысы Қазақстанға келеді
Парламент • Бүгін, 09:31
Ұқсас жаңалықтар