Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов бастаған Қазақстандық делегация Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен Орталық Азия жастар форумына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форум Өзбекстан Республикасының бастамасымен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының үшінші Консультативтік кездесуінде Өзбекстан Президентінің ұсынуымен (6 тамыз, 2021 ж., Түрікменстан) және Өзбекстандағы Қазақстан Республикасы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Форумға Қазақстан Республикасы атынан ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының және түрлі ғылыми олимпиадалардың жеңімпаздары, Президенттік жастар кадрлық резервінің, Қазақстан жастар ұйымдарының және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, жас ғалымдар, IT мамандар мен гроссмейстерлер қатысты.
Халықаралық форум барысында: жастарға арналған әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бағдарламаларды одан әрі іске асыру, мәдени-гуманитарлық саланы дамыту үшін Орталық Азия өңірі елдерінің зияткерлік жастар элитасы мен ақпараттық технологиялар секторы, жастар ұйымдары өкілдері арасындағы аймақаралық өзара іс-қимылды арттыру және нығайту мәселелері; сондай-ақ Орталық Азия елдері арасындағы бауырластық, достық қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды.
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі А.Данилов құттықтау сөзінде, Қазақстан халықаралық серіктестермен, соның ішінде жастар қозғалысының өкілдерімен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын атап өтті.
– Біз өз елімізді, экономиканы, әлеуметтік саланы дамыту, отандастарымыздың әл-ауқатын нығайту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды көздеп отырмыз. Сондықтан осы форум ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жандандыруға ықпал ететін және бірлескен жобаларды дамыту мен іске асыру үшін жағдай жасайтын тиімді коммуникациялық алаңға айналады деп ойлаймын, – деді А.Данилов.
Қазақстан жастарынан басқа, аталған форумға Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Түрікменстанның үздік жастары қатысты.
Форум қорытындысы бойынша, мемлекет басшыларының кезекті Консультативтік кездесуі барысында Орталық Азия өңіріндегі халықаралық жастар ынтымақтастығын одан әрі нығайту бойынша бірқатар ұсыныс енгізу және Орталық Азия елдерінің зияткерлік жастары қоғамдастығын құру жоспары қарастырылды.
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Соғыста қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 10:29
Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:23
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қазақстан • Бүгін, 08:07
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар