Елімізде цифрландырудың дамуы, соның нәтижесінде сауда-саттықтың да онлайн платформалар арқылы жүре бастауы отандық экономиканың даму барысына да өзгеріс әкелді. Онлайн сауда бізде ғана емес, әлемде де экономиканың драйверіне айналып келе жатыр. Қазір онлайн платформаларға смартфон арқылы кіру мүмкіндігі кез келген азаматта бар.

2022 жылдың сәуіріндегі жағдай бойынша елімізде ұялы байланыс операторларының 17 млн абоненті бар. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 5,7, ал он жыл бұрынғымен салыстырғанда 83,1 пайызға көп. Сондай-ақ тіркелген интернеттің 2,8 млн қолданушысы бар.
«Қазірдің өзінде барлық нарықтық формацияның белсенді түрде онлайнға ауысып жатқанын байқаймыз. Соңғы жылдары онлайн төлем көлемі бірнеше есе өсті. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша сома 19,1 трлн теңгеге жетті. Бір жыл бұрынғыдан бір жарым есе жоғары. Оның үстіне 2022 жылдың бір тоқсанында жасалған онлайн төлемдер бүкіл 2019 жылғы көрсеткіштен 43 пайызға артық; 2018 жылғыдан 28 есе көп. Бұл динамика – бүкіл әлемдік тренд. Nasdaq мәліметінше, 2040 жылға таман сатып алулардың 95 пайызы интернет арқылы жүзеге асырылады», деп жазады Ranking порталы.
Онлайн төлем өз кезегінде электронды саудаға серпін береді. 2018-2019 жылдары e-Trading үлесі 2,9 және 3,8 пайыз болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 3 есе артып, 9,7 пайызға жетті. Ал интернет арқылы сауда жасаған пайдаланушылар дерегін қарар болсақ, олардың үлесі 2019 жылғы 15,6 пайыздан 2020 жылы 17,7 пайызға көтерілген.
Қазір интернет арқылы кез келген тауарды сатып алуға мүмкіндік бар. Оның ішінде азық-түлік, киім-кешек, кітап, тұрмыстық тауарлар, дәрі-дәрмек, телеком қызметтері, одан бөлек сақтандыру, қаржылық қызметтер де бар. Сатып алуды үйде отырып жасау әрі уақытты үнемдейді, әрі қауіпсіздік жағынан да тиімді. Тіпті соңғы кездері автокөлікті де үйде отырып сатып алу мүмкіндігі қарастырыла бастады. Бұған автодилерлердің өздері де мүдделі. Сондай-ақ кейбір құрылыс компаниялары жылжымайтын мүлікті онлайн сату мәселесін күн тәртібіне шығарды. Пәтер таңдау, анкета толтыру, пәтерді брондау, келісімшартқа қол қою, төлем жасау – бәрі онлайн.
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Көкшетауда контрабандалық темекі өнімдері тәркіленді
Оқиға • Кеше
Alibaba желісінде Қазақстанның ұлттық платформасы ашылды
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар