Еркін күрес шеберлері арасында америкалықтардың айдарынан жел есіп тұр. АҚШ-тың төрт бірдей апайтөсі әлемдік рейтингте көш басында. Олар – Томас Гилман (57 кило), Кайл Дейк (74 кило), Джордан Барроуз (79 кило) және Дэвид Тейлор (86 кило). Ресейдің өкілдері арасында Абасгаджи Магомедов (61 кило), Загир Шахиев (65 кило) және Абдулрашид Садулаев (97 кило) алдына жан салар емес. Сондай-ақ грузиялық Зураби Якобишвили (70 кило), ирандық Камран Гасемпур (92 кило) және түркиялық Таха Акгюл (125 кило) теңдессіз деп танылуда. Олардың барлығы да Олимпия ойындары, әлем мен құрлық чемпионаттары және аса ірі халықаралық турнирлерде атой салып жүрген саңлақтар. Ал «ТОП-10» балуанның толық тізімі төмендегідей:
57 кило: 1. Томас Гилман (АҚШ), 2. Рави Кумар (Үндістан), 3. Завур Угуев (Ресей), 4.Әлиреза Сарлак (Иран), 5. Хорст Лер (Германия), 6. Нұрислам Санаев (Қазақстан), 7. Сүлейман Атли (Түркия), 8. Арыйан Тютрин (Беларусь), 9. Владимир Егоров (Солтүстік Македония) және 10. Абубакар Муталиев (Ресей).
61 кило: 1. Абасгаджи Магомедов (Ресей), 2. Арсен Арутюнян (Армения), 3. Дейтон Фикс (АҚШ), 4. Тошихиро Хасегава (Жапония), 5. Геогий Вангелов (Болгария), 6. Улукбек Жолдошбеков (Қырғызстан), 7. Равиндер Равиндер (Үндістан), 8. Тувшинтулга Туменбилег (Моңғолия), 9. Гаджимагомед Алиев (Бахрейн) және 10. Сүлейман Атли (Түркия).
65 кило: 1. Загир Шахиев (Ресей), 2. Тулга Тумур-Очир (Моңғолия), 3. Гаджи Алиев (Әзербайжан), 4. Такуто Отогуро (Жапония), 5. Баджранг Пуния (Үндістан), 6. Амир Яздани (Иран), 7. Исмаил Мусукаев (Мажарстан), 8. Алибек Осмонов (Қырғызстан), 9. Гаджимурад Рашидов (Ресей) және 10. Рохит Рохит (Үндістан).
70 кило: 1. Зураби Якобишвили (Грузия), 2. Ерназар Акматалиев (Қырғызстан), 3. Магомедмурад Гаджиев (Польша), 4. Арман Андриасян (Армения), 5. Евгений Жербаев (Ресей), 6. Джеймс Грин (АҚШ), 7. Туран Байрамов (Әзербайжан), 8. Мохаммад Элахи (Иран), 9. Николай Грамец (Молдова) және 10. Мустафа Кайа (Түркия).
74 кило: 1. Кайл Дейк (АҚШ), 2. Таймураз Салказанов (Словакия), 3. Заурбек Сидаков (Ресей), 4. Фазли Эрилмаз (Түркия), 5. Магомедхабиб Кадимагомедов (Беларусь), 6. Франк Чамизо (Италия), 7. Бекзод Абдурахмонов (Өзбекстан), 8. Автандил Кенчадзе (Грузия), 9. Тимур Бижоев (Ресей) және 10. Юнес Эмами (Иран).
79 кило: 1. Джордан Барроуз (АҚШ), 2. Мохаммад Ноходи (Иран), 3. Арман Авагян (Армения), 4. Георгриос Кугиумцидис (Грекия), 5. Радик Валиев (Ресей), 6. Ника Кенчадзе (Грузия), 7. Риуки Йошида (Жапония), 8. Сайфедин Алекма (Франция), 9. Али Савадкухи (Иран) және 10. Ашраф Аширов (Әзербайжан).
86 кило: 1. Дэвид Тейлор (АҚШ), 2. Хасан Яздани (Иран), 3. Артур Найфонов (Ресей), 4. Майлз Амин (Сан-Марино), 5. Абубакр Абакаров (Әзербайжан), 6. Борис Макоев (Словакия), 7. Осман Гочен (Түркия), 8. Азамат Дәулетбеков (Қазақстан), 9. Дипак Пуния (Үндістан) және 10. Ахмед Айбуев (Франция).
92 кило: 1. Камран Гасемпур (Иран), 2. Осман Нурмагомедов (Әзербайжан), 3. Магомед Курбанов (Ресей), 4. Джейден Кокс (АҚШ), 5. Омаргаджи Магомедов (Беларусь), 6. Андрей Власов (Украина), 7. Адам Пуарье (Канада), 8. Иракли Мцитури (Грузия), 9. Эрхан Ялачи (Түркия) және 10. Ахмед Магамаев (Болгария).
97 кило: 1. Абдулрашид Садулаев (Ресей), 2. Кайл Снайдер (АҚШ), 3. Сулейман Карадениз (Түркия), 4. Магомедгаджи Нуров (Солтүстік Македония), 5. Батцул Ульзисайхан (Моңғолия), 6. Абрахам Коньедо Руано (Италия), 7. Рейнерис Салас Перес (Куба), 8. Александр Гуштын (Беларусь), 9. Можтаба Голейдж (Иран) және 10. Магомед Закариев (Украина).
125 кило: 1.Таха Акгюл (Түркия), 2. Гено Петриашвили (Грузия), 3. Амир Заре (Иран), 4. Лхагвагерель Мунхтур (Моңғолия), 5. Гейбл Стивсон (АҚШ), 6. Ник Гваздовски (АҚШ), 7. Олег Болтин (Қазақстан), 8. Геннадий Кудинович (Германия), 9. Живей Денг (Қытай) және 10. Амар Дхеси (Канада).
Естеріңізге сала кетейік, былтыр әлемдік рейтингте көш бастаған балуандарға 10 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілсе, екінші және үшінші орындарды иеленгендер 7 000 және 3 000 доллардан алған-тын. Биыл сыйақы мөлшері артады деген әңгіме бар. Алдағы рейтингтік турнирлер Алматы (2-5 маусым), Рим (22-25 маусым) және Тунисте (14-17 шілде) өтеді. Сондай-ақ күзде Белградта жалауы желбірейтін әлем чемпионатында да ұпай қорын молайтуға жақсы мүмкіндік бар.