Өтіп бара жатқан уақыт-ай! Осыдан біраз жыл бұрын халқымыздың адал да аяулы перзенттерінің бірі – Бауыржан Ысқақұлы Елубаевпен қауіпсіздік органында бірге қызмет еттік. Сол уақытта оның өмірге, Отанға деген көзқарасын жоғары бағаладым. Отанды сүю, достарды, жолдастарды қадірлеу сияқты адамгершілік қасиеттерінің биік екеніне көзім жетті.

Ол ең әуелі елімізге, Отанымызға адал азамат болды. Сондықтан әскери-қауіпсіздік саласындағы қызметіне де адал еді. Содан кейін жақындарына, жолдастарына, бірге жүрген әріптестеріне адалдық танытты. Адамның адами қасиеттері күнделікті өмірде қалай және кіммен бірге жүргенінен, қандай жетістіктерге жеткенінен көрінеді. Бірге қызмет істегеннен кейін кімнің қандай адам екенін білеміз. Мен Бауыржан Ысқақұлымен бірге қызмет еткен біраз жылда оның отаншыл азамат екенін, Отанын қалай құрметтейтінін, қастерлейтінін, сүйетінін білдім.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінде істейтін адамның ең басты борышы – Отанға адал қызмет ету және оның қауіпсіздігін сақтау. Осы тұрғыдан алғанда күнделікті өмірі, қызметтегі ұстанымы арқылы Бауыржан Ысқақұлының адалдығына көзім жетті. Сол адалдығы мен білімі, ақылы мен тәжірибесі арқылы қарапайым қызметкерден генерал-майорға дейін өсті, үлкен қызметтерді атқарды. Ол бірге жұмыс істейтін адамдардың бәріне бірдей қарайтын. Мынау менің жерлесім, туысым деп бөлектеуді білмейтін. Адалдығы әрбір ісінен көрініп тұратын.
Бойындағы асыл қасиеттерінің арқасында ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарлығына дейін жетті. Бұл биік лауазымға бір емес, екі рет тағайындалды.
Қауіпсіздік қызметі айтуға ғана оңай. Оның жауапкершілігі ауыр. Сондай жауапкершілікті көтере білген азамат өмірдің барлық сынына шыдай алады. Бауыржан Ысқақұлының жұмысында жағымсыз жағдай да, қателік те болған емес. Және оның атына «жұмысын орындамады, нашар орындады» деген сияқты сын да айтылмайтын. Өйткені оның білімі мен тәжірибесі мол, өз міндетін жақсы білетін еді.
Баукеңнің ұрпақтарын да білемін, олар көз алдымызда өсті. Өйткені Бауыржан Ысқақұлы екеуіміз сонау сексенінші жылдардан бері отбасымызбен араластық. Қызмет бабында ғана емес, күнделікті өмірде де жақсы қарым-қатынаста болдық. Сол арқылы мен оның үлкен азамат екенін, елін, халқын ерекше сүйетінін таныдым. Ол жұртшылықтың, қызметтес жолдастарының ортасында зор абырой-беделге ие еді.
Өкінішке қарай, 2016 жылы Баукеңнің жан серігі, балаларының анасы дүниеден озған еді. Ол сол ауыр қайғысын қайыспай көтере білді. Себебі ол өмір заңын түсінетін.
Уақыт зымырап өтіп барады. Бауыржан Ысқақұлының дүниеден озғанына да жыл толған екен. Бірақ оның жарқын бейнесі біздің жадымыздан өшкен жоқ, ешқашан өшпейді де.
Осындай орны бөлек асыл азаматтың өмірден ерте кеткені өкінішті. Марқұмның алды жарық болсын.
Сәт ТОҚПАҚБАЕВ,
отставкадағы генерал-полковник
Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:33
Еңбек инспекторлары 10 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады
Қоғам • Бүгін, 11:25
Қазақстанда автогаздың шекті бағасы белгіленеді
Қазақстан • Бүгін, 11:16
Алкоголь өнімдерін заңсыз дайындаған адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Қаржы • Бүгін, 10:59
Маймыл шешегі балаларға жұға бастады
Әлем • Бүгін, 10:47
Оқиға • Бүгін, 10:37
Қаржы министрінің орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:24
Қазақстанда 1734 науқас коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 10:18
Әлемде аштықтан жапа шеккендер көбейді – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:06
Өткен тәулікте 330 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:55
Антикор Лариса Пактың өліміне қатысты тергеуді бастады
ANTIKOR • Бүгін, 09:45
ЕҚЫҰ Бас хатшысы Қазақстанға келеді
Парламент • Бүгін, 09:31
Елордада жалдамалы пәтер иелерінің тізімі жарияланды
Елорда • Бүгін, 09:23
Brent маркалы мұнай бағасы арзандады
Қаржы • Бүгін, 09:10
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:00
Теңіз кен орнындағы жарылыс неден болғаны анықталды
Оқиға • Кеше
Астанада «Елорда бәйгесі» республикалық турнирі өтті
Елорда • Кеше
Педагогикалық ғылымдарға 11 мыңға жуық грант бөлінді
Білім • Кеше
Елордада Алаш тас жолы бойындағы көпір ашылды
Елорда • Кеше
Қазақстанның бірнеше өңірінде бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Астанада 3 жасар бала 13-қабаттан құлады
Қоғам • Кеше
Алматының 199 тұрғыны коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Кеше
Теңіз кен орнында өзіне қол жұмсаған жұмысшының денесі табылды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қайтыс болды
Қазақстан • Кеше
Үкіметте КҚК-дағы жағдай талқыланды
Үкімет • Кеше
Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа өтуі мүмкін
Коронавирус • Кеше
ОПЕК-тің бас хатшысы көз жұмды
Әлем • Кеше
АҚШ елшісі қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады
Елорда • Кеше
Алакөлдегі өртке қатысты тергеу амалдары басталды
Аймақтар • Кеше
Астана тұрғындарының саны 4 есе өсті
Елорда • Кеше
Бір тәулікте 360 қазақстандық коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Ұқсас жаңалықтар