Қарқаралы қаласындағы Орынбек Жәутіков атындағы №1 мектепке ұлағатты ұстаз Күләнда Нұрболқызының балалары көпбейінді микроскоптармен, аспаптармен және интерактивті тақтамен жабдықталған заманауи биология кабинетін сыйға тартты.

Аталған мектептегі биология пәнінің мұғалімі Гүлмайра Әубәкірова сыныптың 2007 жылы ашылып, оған Күләнда Нұрболқызының есімі берілгенін айтады.
– Күләнда Нұрболқызы өткен ғасырдың 60-жылдары біздің мектепте жұмыс істеп, химия және биология пәндерінен сабақ берді. Парасатты жан, білікті педагог жайындағы естеліктер әлі күнге дейін оның оқушылары мен әріптестерінің жүрегінде сақталып қалған. Ұлағатты ұстаздың балалары бізге жыл сайын жөндеу жұмыстарына көмектесіп тұрады. Ал биыл олар күрделі жөндеу жүргізіп, жаңа жиһаз бен құрылғылар алып берді, – дейді Г.Әубәкірова.
Бүгінде жаңартылған биология сыныбында барлық қажетті техника мен аспаптар ғана емес, адам ағзасы құрылымының макеттері де бар. Көп атқарымды тақта микроскоптарға қосылған. Мұның өзі балалармен бірге тәжірибе жүргізуге және іс жүзінде оларға күрделі тақырыптарды түсіндіруге мүмкіндік береді.
Жаңартылған сыныптың ашылу салтанатына Күләнда Нұрболқызының Мәжілісте депутат болған ұлы, қоғам қайраткері Рауан Шаекин бастаған балалары, сондай-ақ бір топ шәкірттері және аудан әкімі Ерлан Құсайын қатысып, еңбек сіңірген педагог жайлы жан тебірентер естеліктер айтты.
Айта кеткен жөн болар, 883 бала білім алатын О.Жәутіков атындағы мектепте барлық қажетті техникалық оқыту құралдары мен дидактикалық материалдармен қамтамасыз етілген биология пәнінің екі бірдей кабинеті бар.
Қарағанды облысы,
Қарқаралы қаласы
ҰБТ ережесін бұзу дерегі 4 есе азайды
Білім • Бүгін, 13:45
Өскеменде есірткі тасымалымен айналысқан күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:30
Қарағандыда құрбан шалатын орындар анықталды
Аймақтар • Бүгін, 13:12
Ұлытау облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:52
Головкин мен Канело жекпе-жегінің уақыты белгілі болды
Бокс • Бүгін, 12:39
Президент мұнай тасымалдауда Транскаспий бағдарын дамытуды тапсырды
Президент • Бүгін, 12:30
Қаңтар оқиғасы кезінде Ақтөбе әуежайын басып алғандарға сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 12:23
Елена Рыбакина Уимблдонда жартылай финалдық кездесуін өткізеді
Теннис • Бүгін, 12:12
Президент: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет
Президент • Бүгін, 12:04
Алматының екі ауданында бірнеше күн ыстық су болмайды
Аймақтар • Бүгін, 11:59
Қызылордада 20 жастағы қыз аса ірі синтетикалық есірткімен ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:33
Еңбек инспекторлары 10 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады
Қоғам • Бүгін, 11:25
Қазақстанда автогаздың шекті бағасы белгіленеді
Қазақстан • Бүгін, 11:16
Алкоголь өнімдерін заңсыз дайындаған адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Қаржы • Бүгін, 10:59
Маймыл шешегі балаларға жұға бастады
Әлем • Бүгін, 10:47
Оқиға • Бүгін, 10:37
Қаржы министрінің орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:24
Қазақстанда 1734 науқас коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 10:18
Әлемде аштықтан жапа шеккендер көбейді – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:06
Өткен тәулікте 330 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:55
Антикор Лариса Пактың өліміне қатысты тергеуді бастады
ANTIKOR • Бүгін, 09:45
ЕҚЫҰ Бас хатшысы Қазақстанға келеді
Парламент • Бүгін, 09:31
Елордада жалдамалы пәтер иелерінің тізімі жарияланды
Елорда • Бүгін, 09:23
Brent маркалы мұнай бағасы арзандады
Қаржы • Бүгін, 09:10
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:00
Теңіз кен орнындағы жарылыс неден болғаны анықталды
Оқиға • Кеше
Астанада «Елорда бәйгесі» республикалық турнирі өтті
Елорда • Кеше
Педагогикалық ғылымдарға 11 мыңға жуық грант бөлінді
Білім • Кеше
Елордада Алаш тас жолы бойындағы көпір ашылды
Елорда • Кеше
Қазақстанның бірнеше өңірінде бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Астанада 3 жасар бала 13-қабаттан құлады
Қоғам • Кеше
Алматының 199 тұрғыны коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Кеше
Теңіз кен орнында өзіне қол жұмсаған жұмысшының денесі табылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар