Оқиға • 24 Мамыр, 2022

Ақтөбеде оқушы қызды қаңғыбас иттер талап тастады

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқушы қызға бұралқы иттер мектептен қайтар жолда шабуыл жасаған. Бала қазір ауруханада, деп хабарлайды Egemen.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Ақтөбеде оқушы қызды қаңғыбас иттер талап тастады

Төбеттер оқушының басынан бастап, арқасы мен қол-аяғын тістелеген. Қыздың жанұшыра шыңғырған даусын естіген жақын маңдағы тұрғындардың бірі көмекке дер кезінде келіп, арашалап алған. Дәрігерлердің айтуынша, оқушы дене жарақатынан бөлек, психологиялық шок алған.

Елімізде балалардың қаңғыбас иттерге талануы бірінші рет емес. Ақ халаттылар ауруханаға күніне ит, мысық тістеген 3-4 бала түседі дейді. Ашынған жұрт осы мәселе бойынша жергілікті билікке бірнеше рет арызданған екен.

Салтанат Кенжебай

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше