Бурабай баурайындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ш.Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде «Ұлы дала ұландары» тақырыбындағы көшпелі көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығына орай өткізілген көрме Елбасы кітапханасының «Тұңғыш» экскурсиялық жобасының аясында ұйымдастырылып отыр. Ілкідегі ел қорғаған еңселі ерлер «тұлпар аунаған жерден түк қалады» деп тегін айтпаса керек. Ерен ерлік те, көзсіз батырлық та өнеге-үлгімен сабақтаспақ. Ерлерге шын жарасатын ерлік іс те азаматтардың тұла бойындағы алпыс екі тамырда атой салған елжандылық, ұлтжандылық сезімдерімен өріс жаймақ. Ұлы даланың батырлары институтынан бастау алған Алаш жауынгерлерінің алапат ерлік істері сан ғасырлық тылсым тарихты тегіс қамтып, толайым бейнелейді екен. Тарихи жадты сақтау, оның мұрасын бүгінгі ұрпақтың зердесіне қотарып құю басты міндеттің бірі болса керек.
– Қарулы күштердің жоғары қолбасшысы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткеніндей, еліміздің әскері тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігіміздің мыңғымас тірегіне айналып үлгерді, – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат, – қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасына орай қарулы күштерді одан әрі жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформа жүргізілуде. Бүгінгі шараны Щучье қаласындағы әскери колледжде өткізуіміздің тәрбиелік және патриоттық мәні де зор.
Өз кезегінде колледж бастығы Ербол Нұржанов әскери қызметшілердің тарих тағылымымен астасқан іс-шарадан үлкен әсер алғандығын, бүгінгі күні байтақ далада күн кешкен бағзы заман баһадүрлерінің тұлпарының дүбірі естіліп тұрғандай сезімде екендігін жеткізді. Әрі сол тарихтың тағылымы бүгінгі күнмен сабақтасып, жас толқынның бойына қыруар рухани нәр құйып, кемелдендіре түсетіндігін жеткізді.
Көрмеге қойылған есте жоқ ескі кезеңде дала ерлері тұтынған қару-жарақ, киім-кешек үлгілері ғаламат әсер етеді екен. «Қазақ халқының жауынгерлік мұрасы. Ер қаруы – бес қару» аудиториясында Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы қорғаған батыр бабаларымыздың әжетіне жаратқан көне қару үлгілері көрерменнің қызығушылығын туғызды. Ұлы Отан соғысы кезінде жауға тойтарыс берген қарудың кейбір түрлері де бар екен. Асылында, ер адам қолына қамшы ұстап, қару-жарақты көруге құмар болып тұрады емес пе?! «Қару-жарақ әлемі. Кольттан Калашниковқа дейін» аудиториясында нешетүрлі қару-жарақтың үлгілері топтастырылған.
– Ел ішіне шығып, осындай көрме ұйымдастыру өте ұтымды, – дейді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің басшысы Күляйша Ақтаева, – көне тарихтың көмбесін ақтарып, бүгінгі ұрпақтың тәрбиесіне жаратумен қатар, ел басына күн туған шақта ел қорғаған ерлердің абыройлы есімдерін құрметтеу өте маңызды. Біздің көшпелі көрмеде «Ұлы Отан соғысы батырлары» бөлімі бар. Осы бөлімде қазақстандық жауынгерлердің өшпес ерліктерін жарқыратып көрсететін материалдар жинақталыпты. Майдан даласында біздің жерлестеріміздің 500-ден астамы Кеңес Одағының Батыры атанса, Т.Бигелдинов, С.Луганский, Л.Беда және И.Павлов екі мәрте батыр атанды. М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Х.Доспанова тәрізді асыл жандардың ерліктері ел есінде мәңгілік жүреді емес пе? Әрі осы бір ерлік іс жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін әдемі тағылым.
Тағы бір бөлімде Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қалыптасу тарихы бейнеленген. Көрменің арнайы бір бөлімі Ш.Уәлиханов атындағы әскери колледж кіретін еліміздің әскери білім беру жүйесіне арналып отыр.
– Бүгін колледждегі білім алушылар ерекше оқиғаға куә болып отыр, – дейді колледж бастығының сержанттық құраммен жұмыс істеу бойынша орынбасары Ғалымжан Тәукебаев, – осындай өнегенің өрімдерін жас толқын сүйегіне сіңіріп, көкірегіне құйып алса, кемелдене түспей ме?!
Үш жүздің басын қосқан Абылай атамыз жаз жайлаған ата қоныста өткізілген өнегелі шараның әсерімен жас ұланның тұлғасы да Оқжетпестей асқақтап, биіктеп бара жатқандай. Өйткені, олардың жас жанына баһадүр бабалардың асқақ рухы құйылып, арман-мұраты биіктетіп тұр.
Ақмола облысы,
Бурабай ауданы.
Үндістанда көшкіннен қаза тапқандар саны 42-ге жетті
Әлем • Бүгін, 17:10
Семейде көпқабатты үйден өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:35
Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Қаржы • Бүгін, 16:27
CОVID-19: Алматы қаласы қайта «сары» аймаққа өтті
Коронавирус • Бүгін, 16:20
Мемлекет басшысы Еуропа одағының президентін Қазақстанға шақырды
Президент • Бүгін, 16:14
Қырғызстанда қазақтар қауымдастығының экс-басшысы сотталды
Қоғам • Бүгін, 16:06
Атырауда дизель отынын заңсыз сатқандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:55
Жыл басынан бері жол апатынан мыңға жуық адам қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 15:44
Қазақстанда Қызыл кітаптың онлайн нұсқасы пайда болады
Қазақстан • Бүгін, 15:34
Әскери гарнизондардан 825 млн теңгенің мүлкі ұрланған
Қазақстан • Бүгін, 15:21
Үндістанда автобус шатқалға құлап, 16 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:16
Алматыда үшінші вокзал салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Ресей шекарадағы барлық шектеулерді алып тастайды
Әлем • Бүгін, 14:48
Президент «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:34
Әлихан Смайылов ресейлік ірі компания басшыларымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 14:27
Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:18
Экономика • Бүгін, 14:08
Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу керек – Ералы Тоғжанов
Қазақстан • Бүгін, 13:55
Алматыда сауда орталығына тағы «бомба қойылды»
Оқиға • Бүгін, 13:40
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 13:33
AsiaCredit Bank-тің мүлкін ұрлауға қатысты іс тергеліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:02
Талдықорғанда қоқыс жәшігінен нәресте табылды
Оқиға • Бүгін, 12:53
Велошерушілер елордаға бет алды
Спорт • Бүгін, 12:43
Ішкі істер органдарында бірқатар тағайындау болды
Қоғам • Бүгін, 12:35
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:28
Қазақстанда қылмыс тыйылмай тұр
Қоғам • Бүгін, 12:19
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:08
Оқушыларды бұрын сотталған адамдар тасымалдаған – Бас прокуратура
Оқиға • Бүгін, 11:57
Қазақстанда таратылатын 9 банктің салымшылары ақшасын алды
Экономика • Бүгін, 11:49
Құрбан айт: Қазақстанда арнайы сайт іске қосылды
Руханият • Бүгін, 11:37
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясында Арал теңізінің проблемалары талқыланды
Парламент • Бүгін, 11:28
Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 11:13
Биыл 30 мың шақырым жолға арнайы белгілер орнатылады
Қазақстан • Бүгін, 10:53
Мәдениет саласындағы Елбасы стипендиясының атауын өзгерту ұсынылды
Білім • Бүгін, 10:38
Биыл 7,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қоғам • Бүгін, 10:19
Елордада тыйым салынған аймақта суға түскен оқушы көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 10:08
Ақтауда 109 жедел желісі іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 09:51
Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Ұқсас жаңалықтар