Білім • 24 Мамыр, 2022

Соғылды соңғы қоңырау

4221 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл 170 мыңнан аса түлек мектеппен қоштасты. Олардың ішінде 8 139 бітіруші – «Алтын белгіге» үміт­­кер. Иә, бүгін еліміз­дегі мек­теп­­­терде соңғы қоңырау соғыл­ады. Был­тыр карантин кезінде оқу ошақ­­­тарында оқушылар салтанат­ты сәт­ке сырттан сығалағандай он­лайн қатысқан еді. Биыл­ғы мек­­теп бітірушілер бұл кедергіден ада.

Соғылды соңғы қоңырау

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Білім және ғылым министрлігі «ТҮЛЕК-2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» бітіру іс-шараларын өткізу бойын­ша ұсыныстар дайындады. Бұл туралы Мектепке дейінгі және орта білім ко­ми­тетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова:«Соңғы қоңырау – мұғалімдер мен оқушылар оқу жылы­ның қорытынды­сын шығарып, білім алушылар­дың жетістіктерін атап өтетін көңілді әрі маңызды оқиға. Биыл эпидемиялық жағдай мектеппен қоштасу мерекесін өткізуге мүмкіндік беріп тұр. Алайда бұл міндетті түрде мектеп қабырғасында ұйымдастырылуы керек. Білім беру ұйымдары барлық қажетті ұсыныс пен нұсқауды алды. 2022 жылы елімізде 3,5 млн-нан аса оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады. Биыл «Алтын белгі» төсбелгісіне 8 139 түлек үміткер болып отыр. Тағы қоса кетерім, жыл сайын 1 қыркүйек немесе 25 мамыр қарсаңында қоғамда «Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма және бұл заң бұзушылық болып саналмай ма?» деген сұрақ туады. Біздің айтарымыз: иә, болады. Бұл жақсы дәстүр ғой», деді.

Министрліктің мәлімдеуін­ше, рес­пуб­ликаның барлық жалпы білім беретін мектебінде соңғы қоңырау мере­кесін бір мезгілде өткізу жоспар­ланған. Оған оқу ошағының педагогикалық ұжы­мы, түлектер және олардың ата-ана­лары, педагог ардагер­лер, қамқоршылық кеңес мүшелері, де­меу­ші ұйымдар, Білім және ғылым ми­нистр­­лігі мен облыстар, Нұр-Сұлтан, Алма­ты, Шымкент қалалары білім бас­қармаларының өкілдері, білім бөлімдері, мүдделі мемлекеттік органдар және т.б. қатыса алады.