Қоғам • 25 Мамыр, 2022

Омбудсмендер қауымдастығы құрылды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Бурса қаласында түркі мемлекеттерінің адам құқықтары жөніндегі уәкілдері омбудсмендер мен ұлттық құқық қорғау қауымдастығын құру туралы меморандумға қол қойды.

Омбудсмендер қауымдастығы құрылды

Қауымдастық түркітілдес ел­дер­­дің тәуелсіз, саяси және ком­мер­­циялық емес бірлестігі ретінде құрылды. Жаңа бірлестіктің негізгі міндеттері азаматтардың ұлт­тық құқық қорғау институттары мен түркітілдес елдердің ұлттық заң­на­малары туралы сауатын арттыру, адам құқықтарын қорғау мен да­мытуға жәрдемдесу болып табылады.

Қауымдастық ұлттық құқық қорғау мекемелерінің ынтымақтас­тығын нығайтуға, адам құқықтары саласындағы білімді ілгерілету бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті. Қауымдастық түркі қауымдастықтарымен және ұйымдарымен, омбудсмендер­дің шетелдік институттарымен, омбудс­мендердің халықаралық және өңірлік желілерімен, басқа да ха­лықаралық ұйымдармен адам құқықтарын қорғау және көтер­мелеу саласында өзара жұмыс істеуге дайын.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың айтуынша, қауымдастыққа қатысу түркі мем­лекеттерінің аумағында Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау жөніндегі ұлт­­тық құқық қорғау мекемесінің әлеу­етін кеңей­теді және тұрақ­ты негіз­де адам құқықтары саласын­дағы озық тәжірибелермен және заңнамамен алмасуға мүмкіндік береді.

«Қауымдастықты құру біздің күш-жігерімізді дәйекті түрде ілге­рілетуге, оның ішінде басқа ұйым­дармен серіктестікте жұмыс іс­теуге мүмкіндік береді. Біздің қауым­дастық шеңберіндегі ынты­мақ­тастығымыз адамға, оның құ­қық­тары мен бостандықтарына қыз­мет етуге бағытталған», деді Э.Әзімова.