18 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары №798, 800

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін: 1. Алматы қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 23200 гектар Алматы облысы, оның ішінде алаңы 604,6 гектар Іле ауданы, алаңы 16069,7 гектар Қарасай ауданы және алаңы 6525,7 гектар Талғар ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып өзгертілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 16 сәуір.  №798   Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Д.Ю.Тенді «Құрмет» орденімен наградтау туралы қаулы етемін: 1. 2014 жылы Сочи қаласында өткен ХХІІ Қысқы Олимпиада ойын­дарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Денис Юрьевич Тен «Құрмет» орденімен наград­талсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 17 сәуір.  №800 __________ Тағайындау Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманжүсіп Латкенұлы Ақпомбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындалды. Хроника Мемлекет басшысының Жарлығымен Сапархан Кесікбайұлы Омаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Республикалық бюджеттің атқа­ры­луын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды. * * * Мемлекет басшысының Өкімімен Иманжүсіп Латкенұлы Ақпомбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.