18 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №365

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2014 жылғы 17 сәуір Астана, Үкімет Үйі Демалыс күндерін ауыстыру туралы Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай жасау және 2014 жылғы мамырдағы жұмыс уақы­тын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Демалыс күндері: 2014 жылғы жексенбі 4 мамырдан – 2014 жылғы жұма 2 мамырға; 2014 жылғы жексенбі 11 мамырдан – 2014 жылғы бейсенбі 8 мамырға ауыстырылсын. 2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2014 жылғы 2 және 8 мамырда жұмыс жүргізуге құқық берілсін. Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Рес­пуб­ли­касының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер Министрі  К.МӘСІМОВ.