Әлем • 25 Мамыр, 2022

ДДҰ басшысы Гебрейесус екінші мерзімге қайта сайланды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) қазіргі басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус екінші мерзімге қайта сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ДДҰ басшысы Гебрейесус екінші мерзімге қайта сайланды

Бас директор – ДДҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы халықаралық қызметін қадағалайтын бас әкімшілік тұлға. Гебрейесус 2017 жылдан ДДҰ бас директор қызметін атқарып келді.

ДДҰ бас директорын екінші бесжылдық мерзімге тағайындау үшін атқарушы комитет Женевадағы 150-ші сессияда Гебрейесустың кандидатурасын қарайды. Сайтта шешім 22-28 мамыр аралығында ассамблеяда жасырын дауыс беру арқылы қабылдануы керектігі көрсетілген.

Сайлау процесі өткен жылдың сәуір айында басталған. Қаңтарда ДДҰ-ның Атқарушы кеңесі бұл лауазымға жалғыз үміткер болған Тедрос Адханом Гебрейесусты ұсынды.

Гебрейесустың жаңа өкілеттік мерзімі 16 тамызда басталады.

Ұйымның ережесі бойынша ДДҰ бас директоры тек бір рет қайта сайлана алады.

Гүлдана Елубай

Соңғы жаңалықтар

Қос «Қызыл Жұлдызды» майдангер

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Субсидияның қайтарымы бола ма?

Субсидия • Бүгін, 08:15

Жаралы жылдар жаңғырығы

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:10

Ауру – астан...

Қоғам • Бүгін, 08:05

Ел газетіне – 106 жыл

Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:50

Тыныштық түсі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Жаңа термин

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

«Талтүстегі» қоңыр күй

Тағзым • Бүгін, 07:35