Білім • 25 Мамыр, 2022

«Алтын белгіге» үміткерлер үшін талап күшейеді

714 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Алтын белгіге» үміткерлер үшін талап күшейеді

«Келесі жылдан бастап «Алтын белгі» үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтіледі. Біріншіден, орта жалпы білім берудің бағдарламасына сәйкес 10, 11-сыныптарда оқу кезеңіне тоқсанда, бір жылда және қорытындысында «5» деген баға болуы керек. Сондықтан келесі жылы 10-11-сыныптарда тек жылдық және қорытынды бағалар ғана емес, тоқсандық баға да есепке алынады. Екіншіден, Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында жалпы орта білім беруді аяқтағаннан кейін «Алгебра» пәні бойынша қорытынды аттестаттаудан өту қажет», деді Жомарт Қарамбаев онлайн брифинг барысында.

Баяндамашы қалған төрт пәнді өздері оқыған мектебінде тапсыратынын және үшінші талап бойынша үміткердің негізгі білімі туралы үздік аттестат болуы керек екенін айтты.

Білім және ғылым министрлігінің өкілі «Алтын белгіге» қойылар талаптың күшеюі, олардың санының азаюына әкелетінін жеткізіп, білім сапасы мәселесі алдыңғы қатарға қойылатынын басып айтты.

Салтанат Кенжебай