25 мамырда сағат 9:53-те полицияға Толстой көшесінде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде тоғыз жастағы баланы көлік қағып кеткені туралы хабарлама түсті. Жүргізуші 36 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
- Жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады патрульдік полиция батальонындағылар.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2012 жылы туған балаға сол жақ білек буынының жарақаты диагнозы қойылған. Ол амбулаториялық ем алуға жіберілді.