Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен аудиторлық тексеру жүргізу барысында бірнеше рет пара алғаны үшін Қызылорда облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы мен бас маман-мемлекеттік аудиторына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
«Аудиторлық тексеру жүргізу кезінде аталған тұлғалар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-не бағынысты мекеме бухгалтерлеріне киілген киімдерді (пальто, күртеше, орамал) көтеріңкі бағамен өткізуді талап етіп, сатудан түскен 456 000 теңге ақшалай қаражатты өз қалтасына алғандығы анықталды», делінген ANTIKOR хабарламасында.