Оның айтуынша, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған қалалық соты алимент төлеуден жалтарып жүрген әкені 1 жылға бас бостандығынан айырды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу Алматы қаласы бойынша анықтау департаментінің анықтау басқармасының тергеушілеріне жүктелген еді.
«1990 жылы туған Ч. есімді ер адам, бес жыл бойы екі кішкентай баласына алимент төлеуден жалтарып келген. Өзін қорғау үшін ол ресми кірісі жоқ екенін алға тартты. Сотқа дейінгі тергеп-тексерумен анықталғандай, күдіктінің ресми кірісі болған», дейді Рустам Әбдрахманов.
Бүгінге дейін ер адамның балалары алдындағы қарызы 5,1 млн теңгеге жеткен.
Сот шешімімен борышкер сот залында қамауға алынды.