Аймақтар • 25 Мамыр, 2022

СҚО-да жаңа кірпіш зауыты іске қосылды

176 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен Солтүстік Қазақстан облысында ЖШС «Кірпіш- СК» кірпіш өндіретін зауытты іске қосты, деп жазады Egemen.kz.

СҚО-да жаңа кірпіш зауыты іске қосылды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен жалпы құны 2 млрд теңгеге жуық кірпіш зауыты пайдалануға берілді. Жергілікті әкімшілік басшысы өңірде тұрғын үй құрылысы белсенді қарқынмен жүріп жатқанын және сапалы құрылыс материалдарына деген қажеттілік өсіп келе жатқанын атап өтті.

«Жалпы, 126 шаршы метр болатын 9 қабатты үйдің құрылысы үшін 1,8 млн дана кірпіш қажет. Бұл ретте Подгорное ауылындағы жаңа зауыттың жылдық қуаттылығы 22 тоғыз қабатты немесе 2,7 мың пәтер салуға мүмкіндік береді», деді Құмар Ақсақалов.

,

«Кірпіш-СК» ЖШС өндірістік қуаты тәулігіне шамамен 150 мың немесе айына 4,5 млн кірпіш шығаруға жетеді.

«Ауыл тұрғындары үшін 90 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл ретте, бастапқы кезеңде зауыт өнімі өңірдің осы құрылыс материалына қажеттілігінің 30%   жабады. Үш жыл бұрын карьерге жақын жердегі жер учаскесінде зауыт құрылысын бастаған кезде, COVID-19 пандемиясы басталып, ҚХР-дан Қазақстанға жүк тасымалдау кезінде қиындықтар туындады. Жергілікті әкімшілік басшысының, «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауының арқасында барлық проблемалық мәселелер жедел шешілді», деп атап өтті «Кирпич-СК» ЖШС құрылтайшысы Гарик Бернецян.

СҚО жергілікті кәсіпкерлерге өз бизнесін дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді жасай отырып, импортты алмастыру бағдарламасын белсенді қолдайды.

,

Анықтамалық:

ҚР СІМ Инвестиция комитетімен жасалған инвестициялық келісімшарт шеңберінде кәсіпорын Қытайдан жабдықты импорттау кезінде қосылған құн салығынан және кедендік баж салығынан босатылды. Сондай-ақ, инвестор мемлекеттік заттай грантты алды, ол оған кейіннен инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвестициялық міндеттемелер орындалған жағдайда меншікке не жер пайдалануға өтеусіз бере отырып, жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалану құқығын береді.