Медицина • 25 Мамыр, 2022

Инфаркқа иілмеудің жолы көп

997 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Инфаркт ауруымен ауыратын адамдар саны елімізде өршіп тұр. Бұрын орта жастан асқан адамдарда ғана кездесетіндей көрінген ауру түрі жастарда да ұшырасуда. Жалпы, бұған не себеп? Инфаркқа алып баратын жағдайлар қандай?

Инфаркқа иілмеудің жолы көп

«Инфаркт» сөзі қазақ тілі­не «сығылысу, тығыздалу» ма­ғы­насында аударылады. Яғни жүрекке күш беріп тұрған қан та­мырлардың ішіне қан ұйып, та­мырлардың бітелуі инфаркт ауруына әкеліп соғады. Маман­дардың айтуынша, инфаркт кө­­біне халқының еңбек­ақысы тө­мен елдерде көбірек ұшы­расады.

Ақсу қалалық емханасының жалпы тәжірбиелі дәрігері Қуат Дәуренұлы инфаркпен ауы­ра­тын адамдардың көбейіп ке­туі­нің себебін саралай келе: «Ин­фаркқа апарар бірінші себеп, адамның әлеуметтік жағдайы­ның төмендігі, екіншіден, нау­қас­­тың өз денсаулығына нем­­құ­райды қарауы. Үшінші фак­тор, тұқым­қуалаушылық. Тар­қатып айтатын болсам, әлеу­меттік жағдай қазіргі отбасы­ларда қиын. Әсіресе жас отбасы­лар­дың пәтер мәселесіне бас қа­тыруы денсаулықтары­на тіке­лей әсер етеді, екіншіден, бұ­рын ата-бабамыз қымыз, қы­мыран, айран, шұбат секілді табиғи, таза азық-түліктер тұ­тынса, ал қазіргі жастар жеңіл-желпі тағамдарға әуес. Ішкілікке салыну да инфаркқа апарып соқтырар бірден-бір жағдай ­болып саналады. Неге? Өйткені спирттік заттар ішкі ағзаны әлсі­­ретеді, анализдерді бұзады. Холестерин екіге бөлінеді, бірі төмен тығыздықты, бірі жоғары тығыздықты. Төмен тығыздықты холестерин ағзада көбейіп кетсе – инфаркқа алып келетін бір­ден-бір себепке ұласады. Бұл дұ­рыс тамақтанбау салдары­нан бойда көбейеді. Ал ген мәсе­лесіне келсек, мәселен, біз нау­қастардан «әулетіңізде бір адам инфаркпен ауырған ба?» деп сұраймыз. Яғни инфаркт тұрғысында ген мәселесі де бас­ты назарда» деп егжей-тегжей баяндап өтті.

Инфаркпен ауырған науқас­тардың дені семіздік дертімен ауырғанын байқаймыз. Семіздік дертінің бірден-бір емі спортпен айналысу екені талассыз ақи­­қат. Холестерин мөлшері­нің тұрақ­ты­лығын сақтау да инфарк­тың ал­дын алудың маңызды жолы. Хо­лестеринді көтеріп, ауру­ға шал­дығуға душар ететін жайт­тар­дың басында темекі тарту, ашу­­шаңдық, физикалық жүкте­ме­­нің болмауы, артық салмақ тұр.

«Қазір елімізде инфарк­пен ауыратын адамдар көп пе?» деген сұрағымызға Қуат Дәу­рен­ұлы: «Елімізде ғана емес, бүкіл дүние жүзінде инфаркт пен инсульт өлім-жітімнің не­гізгі себептері болып отыр. Жер бе­тінде бір күнде инфарктан мил­лиондаған адам көз жұ­мып жатады. Қазақстанда да нау­қастар саны көбеймесе, азаймай тұр. Мәселен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент сынды әрбір облыс орталығында жеке кар­дио­логиялық орталықтар бар. Егер жүрек ауруы мәселесі елі­мізде маңызды болмаса, бұ­лар ашылмас еді. Инфаркпен ауы­­ра­тын адамдардың бір тобы – шығар­машылық адамдар. Мы­­салы, ұлты­мыздың көр­нек­ті ақындары Жұмекен Нәжі­меденов, Жұматай Жақыпбаев инфаркт дертінен өмірден өткені жайлы деректер бар. Яғни терең ойға берілу, мұңды, қайғылы көңіл күйге бой алдыру, стреске түсу инфаркқа әкеліп соғады. Адамды ұстап тұратын үш нәрсе бар. Бірінші, көңіл күйдің жоғары болуы, екінші, ұйқының тыныштығы, үшінші, дұрыс тамақтану. Осы үш тіректі дұрыс қадағаласақ, инфарктың алдын алуға болады», деді дәрігер.

Мамандардың кеңесі бойын­ша, адамның жүрегі сыздаса, бірден дәрігерге көрінуге тиіс. Инфарктан қорғанудың тағы бір жолы – таза ауада серуендеу. Автоматтандырылған қон­дырғылар арқылы жұмыс істей­тін бүгінгі жаһандану дәуірін­де табиғат аясында саяхаттауға көңіл бөлетіндер аз. Тұмса ауамен демалу тыныс жолдарын тазалап, қан тамырларының жақсы жұмыс істеуіне орасан зор пайда келтіретіні сөзсіз. Ұзақ жасаған адамдардың өмір тарихына үңіл­сек, табиғат алқабында өмір сүріп, дене қимылына көбірек көңіл бөлгенін аңғарамыз.

Қорыта айтқанда, инфаркт ауруының жиілеп кетуінің не­гізгі себептері – стресс пен қи­­мыл­дың аздығы. Стреске апа­рар жолдардың дені интер­нет, әлеуметтік желілерден құйыл­ған толассыз ақпаратты сүзгісіз қа­былдаудан туындаса керек. Қоғам­дағы әр адам бір сәт вир­туал­ды әлемнен шығып, өзінің жеке болмысына үңілуді бастаса, стрестің емін табары анық.