Референдум-2022 • 26 Мамыр, 2022

Референдумға дайындық кезеңдерімен таныстырды

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық референдум комиссиясында халықаралық байқау­шылармен кездесулер өтті.

Референдумға дайындық кезеңдерімен таныстырды

Орталық референдум комис­сиясының төрағасы Нұр­лан Әбдіров ЕҚЫҰ-ның Рефе­рен­­дум­­ды бағалау жөніндегі ДИАҚБ Миссиясының басшысы Тамаш Месеричпен кездесті.

Кездесуге Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров, хатшысы Мұхтар Тілдабекұлы, комиссия мүшелері Анастасия Щегорцова, Асылбек Смағұлов, сондай-ақ ЕҚЫҰ ДИАҚБ Мис­сия­сының мүшелері қатысты.

Нұрлан Әбдіров жуырда Нұр-Сұлтан қаласына келген ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Референдумды бағалау жөніндегі миссиясының мүшелеріне ілтипат білдіріп, миссия мүшелерін референдумға дайындық пен оны өткізудің негізгі кезеңдерімен қысқаша таныстырды.

Миссия басшысы Тамаш Месерич мырза қазақстандық тарапқа қабылдау үшін алғысын білдіріп, Миссия мүшелерін таныстырды.

Тараптар референдумды байқаудың бүкіл кезеңі ішінде белсенді өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаласты.

Күннің екінші жартысында онлайн-форматта Орталық референдум комиссиясы мүшелерінің ТМД ПАА байқаушылар тобымен кездесуі өтті.

Орталық референдум комис­сия­сының төрағасы ТМД ПАА бай­қау­шыларын референдум жө­нін­дегі ағымдағы науқанның не­гізгі кезеңдерімен таныстырды.

Өз кезегінде, Бас хатшы – ТМД ПАА Кеңесі Хатшы­лығы­ның басшысы Дмитрий Кобиц­кий Орталық референдум комиссиясына кездесуді ұйым­дастырғаны және өткізгені үшін алғысын білдірді. ТМД ПАА өкіл­дері берілген мүмкін­дікті пай­далана отырып, респуб­лика­лық референдумға дайын­дық пен оны өткізуге қатысты түрлі сұрақ­тар қойды.

Кездесу соңында тараптар рефе­рендумды ұйымдастыру мен өт­кізу және оны байқау жөнін­дегі жұмыста өзара табыс тіледі.