Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Түркістан облысының Арыс және Шымкент қалаларында іссапарда болып, өңірлердің референдумға дайындығын бақылады.

Сапар аясында қос қалада референдумға дайындық пен оны өткізу, дауыс беруге арналған учаскелерді материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі әкімдіктер мен аумақтық референдум комиссияларының жұмыс мәселелері қаралған семинар-кеңестер өтті. Аумақтық референдум комиссияларының мүшелері, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың өкілдері, әділет департаментінің, прокуратураның басшылары және БАҚ өкілдері қатысқан семинарларда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы, дауыс беру күні БАҚ өкілдерін тіркеу тәртібі, референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.
Кеңесте Нұрлан Әбдіров азаматтарды ақпараттандыру мәселелеріне кеңінен тоқталды. Ал әкімдік өкілдері осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы жан-жақты баяндады.
Мәселен, Түркістан облысында республикалық референдум туралы ақпарат пен кеңес беретін бірыңғай Call орталық іске қосылды. Бірыңғай Саll орталығына хабарласып, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінде бар-жоғын тексеріп, сондай-ақ өз учаскесінің нөмірі мен мекенжайын нақтылауға болады. Шымкент қаласында да аптасына 5 күн референдум өткізу бойынша азаматтардың сұрақтарына жауап беретін Cаll орталықтар ұйымдастырылған. Ал 1 маусымнан бастап бұл орталықтар аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат режімге ауыстырылады.
«2 GIS» жүйесінде 1 маусымнан бастап мобильді платформалар үшін қолжетімді болатын «референдум учаскесін іздеу» сервисі қосылады. I-shymkent.kz сайты арқылы сайттағы дауыс берушілер тізімінде тексеру сервисі жұмыс істейді, Telegram-да ishym_bot іске қосылған, осы сервистердің көмегімен әрбір азамат ЖСН теру арқылы референдум бойынша өз учаскесін анықтай алады. Семинарға қатысушылардан келіп түскен барлық сұрақтарға Орталық референдум комиссиясының өкілдері толық жауап берді.
«Референдум ұйымдастыру мен өткізу бойынша барлық іс-шараға барынша күш салу керек. Дауыс беру күніне екі аптадан аз уақыт қалды. Референдумды өткізуге байланысты барлық ұйымдастырушылық аспектілерді пысықтау қажет», деп атап өтті комиссия төрағасы.
Сонымен қатар кеңесте екі қаладағы 15 учаскеге инспекциялық тексеру жүргізіліп, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға жағдайлар жасау жұмыстары пысықталды. Учаскелік комиссия мүшелері дауыс беруге арналған үй-жайды ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету, мүгедектігі бар сайлаушылар үшін қажетті жағдайлар жасау туралы баяндады. Жиында Нұрлан Әбдіров комиссияларға дауыс беруді және дауыс санау процедурасын ұйымдастыру кезінде қоғамдық бірлестіктердің, халықаралық байқаушылар мен БАҚ өкілдеріне қажетті шолуды қамтамасыз ету қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ, ол учаскелердегі барлық ақпараттық-түсіндіру материалдары референдумның барлық қатысушыларының, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді және ыңғайлы болуы тиіс екенін атап өтті. «Бұл санаттағы бірде-бір азамат назардан тыс қалмауы тиіс», деп атап өтті Н.Әбдіров.
Учаскелік комиссия мүшелерімен кездесу аясында «Дауыс беру күні» атты ойын тәртібін қолдана отырып, комиссия мүшелерін дайындау бойынша оқу тренингі ұйымдастырылды. Тренингтің мақсаты – комиссия мүшелерінің дауыс беру рәсімін игеруі, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімі, есептен шығару куәліктері, азаматтардың, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің ауызша және жазбаша өтініштерімен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдыларын игеру.
Кездесу қорытындысы бойынша Нұрлан Әбдіров аумақтық және учаскелік комиссиялардың мүшелеріне бірқатар нақты тапсырма беріп, дауыс беру күні референдумды ұйымдастыру мен өткізу заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс екенін ерекше атап өтті.
Қуат Сұлтанбековтің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді
ANTIKOR • Бүгін, 18:42
ШҚО-да жоғалған бала көпір маңындағы шұңқырдан табылды
Қоғам • Бүгін, 18:25
Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарады
Тағайындау • Бүгін, 18:03
Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 18:00
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:57
Атырауда нан қалдықтарына арналған арнайы контейнерлер орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 17:51
Қоянды су қоймасы аумағынан 19 тонна қоқыс шығарылды
Елорда • Бүгін, 17:42
Түркістанда заңсыз алкоголь өнімдерін өндіретін 3 цех анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:30
ШҚО-да жоғалған балаға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды
Қоғам • Бүгін, 17:22
12 жастағы қызды зорлаған ақмолалық ұсталды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Елордада Ironman жеңімпаздары анықталды
Елорда • Бүгін, 17:13
Орыс тілінде оқытатын сыныптар жабылуы мүмкін бе?
Білім • Бүгін, 17:03
Еліміздің солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Экономика • Бүгін, 16:42
Докторантураға түсу емтихандары басталды
Білім • Бүгін, 16:31
Павлодар облысында алимент төлемей жүрген 270 адам іздестірілуде
Аймақтар • Бүгін, 16:20
Педагог мамандығында оқып жүргендердің тәжірибеден өту тәртібі өзгереді
Білім • Бүгін, 16:15
Жеңілдетілген лизингпен алғашқы ауыл шаруашылығы техникасы беріледі
Қоғам • Бүгін, 16:07
Қазақстанда мектептегі оқу жылы 2 аптаға ұзарды
Білім • Бүгін, 16:00
Жыл басынан бері 4,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді
Қоғам • Бүгін, 15:52
Өскеменде 29 жастағы жігіт Ертіс өзеніне батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:47
Тайтөбедегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 15:33
Қазақстандық жазушылардың детектив шығармалары бір кітапқа топтастырылады
Қазақстан • Бүгін, 15:25
Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға айыппұл мөлшері артады
Үкімет • Бүгін, 15:16
«Баланы мектепке жинайық» акциясы басталды
Қоғам • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Ядролық медицина орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:00
Қазақстанда ағылшын тілі үшінші сыныптан бастап оқытылады
Білім • Бүгін, 14:57
Алматы қалалық соты неге қоршалғаны белгілі болды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Қызылорда облысында жолаушыдан 154 келі балық тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 14:45
Ресейден заңсыз әкелінген алкоголь өнімдері тәркіленді
Қазақстан • Бүгін, 14:39
Елордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:30
Петропавлдағы қалалық сотқа «бомба» қойылды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Жалған дипломмен лауазымды қызметке орналасқандар анықталды
Қоғам • Бүгін, 14:10
Солтүстік өңірлерде қант қымбаттады
Аймақтар • Бүгін, 14:01
«Қарасора» 607 қылмыстың бетін ашты
Қоғам • Бүгін, 13:40
Экономика • Бүгін, 13:23
Есірткі жарнамалаған 1,6 мыңнан астам сайт бұғатталды
Қоғам • Бүгін, 13:01
Киікті атқан Ақмола тұрғынына қатысты іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Нұр-Сұлтанда «Арқар» көпіріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Елорда • Бүгін, 12:42
Қостанайлық көлік жүргізуші қала орталығының астаң-кестеңін шығарды
Оқиға • Бүгін, 12:33
Ұқсас жаңалықтар