Рәсімді Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов ашты. Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков, Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев, тағы басқа азаматтар ұлыс күнімен университет алдынан «Бірлік» атты аллеяның ашылуымен құттықтады. Олар берекенің бастауы бірлікте екенін айта келе, білім ордасының табыстарына да тоқталды. «Біз рейтинг бойынша әлемдегі үш жүз университеттің қатарына енсек, еліміз университеттері арасында алғашқы орындамыз. Бұл көрсеткіштер университетіміздің алға қарай жылжуына тың серпін береді», деді Е.Сыдықов.
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген халық нақылын жадында ұстаған жұртшылық аллеяға ағаштар отырғызды. Жұмылған жұрт қатарында Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданынан арнайы келген Кеңес Одағының Батыры Александр Викторенко да болды. Ақсақал бүгінгі шараны еліміздегі татулықтың тағы бір көрінісіндей қабылдайтынын айта отырып, студент жастарға «Адам бақытты адал еңбектен ғана табады» деген аталық ақылын алға тартты.
Білім ошағындағы Наурыз тойы театрланған көріністермен жалғасып жатты. Ұлттық қолөнер бұйымдары мен бейнелеу өнерінің шеберлерінен құралған жастардың көрме жәрмеңкесі де жиналғандардың қызығушылықтарын тудырды. Сондай-ақ, асық ату ойыны да ерекше әсерге бөледі. Қазақ күресінен бағын сынағандарға тілекшілердің қарасы көп болды.
Мерейді өсірген ұлттық мереке, ұлыстың ұлы күні сән-салтанатымен есте қалды.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,
«Егемен Қазақстан».
––––––––––––––––
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ.

Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10