Білім • 26 Мамыр, 2022

Инклюзивті оқу-зерттеу зертханасы ашылды

507 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Инклюзивті және арнайы білім беру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, студенттерді оқыту, жаңа формацияның мектеп мұғалімдерін, құзыретті, тәжірибеге бағытталған педагогикалық кадрларын даярлауда зертханалық ресурстар мен жаңа технологияларды пайдалану салалық жоғары оқу орындары үшін маңызды.

Инклюзивті оқу-зерттеу зертханасы ашылды

Бұл бағытта Абай атындағы ҚазҰПУ-да мақсатты бағдар­лама­лар жолға қойылған. Осы орайда университетте «Дара» қоры­ның қол­дауымен инклюзивті білім берудің оқу-зерттеу зертханасы ашылды.

Іс-шараға республиканың ар­­­­найы және инклюзивті білім беру ­ұйым­дары, Педагогика және пси­хология институтының өкіл­дері қатысты. Университет ректоры Д.Біләлов ерекше балалар мен олардың отбасыларын қол­дау үшін инклюзивті білім беру­дің маңызын атап өтті. «Әр бала­ның физикалық, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, эмо­цио­налдық ерекшеліктеріне, жы­ны­сына және басқа да фактор­ларына қарамастан, білім алу мүм­кіндігі болуы керек. Мемле­кеттің міндеті – бұл үшін барлық қа­жетті жағдайларды жасау, педа­гогикалық жоғары оқу орын­дарының міндеті – ең алдымен, мектептерді ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала­лар­ды оқытатын жоғары кәсі­би ма­ман­­дармен қамтамасыз ету. Жаңа зертхананың ашылуы бұл ба­ғыттағы жұмысты жандан­дырып, еліміздегі инклюзивті білім беруді дамытуға өз ықпалын тигізеді», деді ол.

Осы іс-шараға ұйытқы болған «Да­ра» қорының жетекшісі Гүлнар До­саева инклюзивті бі­лім беру­ді дамыт­у басым бағыт еке­ніне тоқ­талып, «Біз мұға­лімдерге, оқу­шыларға және олар­дың ата-аналарына инклюзивті білім беру кеңістігін аша отырып, рес­­пуб­ликаның 50-ден астам мекте­бімен тығыз жұмыс істеп келеміз», деді.

Арнайы және жалпы білім бере­тін оқу орындарымен ынты­мақ­тас­­тықты дамыту, бола­шақ мұға­лім­дерді дуалды оқыту, соны­мен қатар балаларды диагнос­тикалық зерттеу және оңалтуды мақсат ететін орта­лық жұмысына оқытушыларды, сту­денттерді, магистранттарды, докто­ранттарды және практиктерді тар­ту жоспарлануда. Педагогика және пси­хология инс­титутының дирек­торы Ғалия Абаева сурдопедаго­гика, олиго­френопедагогика, тифло­педаго­гика, логопедия маманда­рын инклю­зивті білім беру зертха­насы­ның бағыттарымен және құрал-жабдықтармен таныстырып өтті.

Іс-шара барысында маман­дар ерекше білім беру қажеттілік­тері бар балаларды жалпы білім беру кеңіс­тігіне қосу, инклюзивті жобалық ойлау шарттары, жүзеге асыру кезең­дері мен әдістері, елі­мізді арнайы педагогикалық кадрлармен қам­тамасыз ету, Big Data технологиялары және оны білім беру саласында қолдану, спорт­тық, шығармашылық және тәрбиелік қолдау дағдыларын дамыту мәселесін талқылап, бірнеше маңызды салаға қатысты семинарлар өткізді.

 

АЛМАТЫ