Қазақстандық астық өңдеушілер бидай экспортына уақытша тыйым салуды сұрады. Мамандардың сөздерінше, бидайды сыртқа шығармас бұрын нан көлемінің өзімізге жеткілікті екенін анықтап алу керек. Мұндай ұсынысқа БҰҰ мәлімдемесі себеп болған. Ұйым өкілдері әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты көп елдерде аштық болуы мүмкін екенін айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz KTK арнасына сілтеме жасап.

БҰҰ Ресей мен Украинаның әлемдік нарықтың үштен бірін бидаймен қамтамасыз еткенін мәлімдеді. Бүгінгі таңда азық-түлік нарығында тапшылық байқалған. Себебі Украина нанын Азия, Еуропа мен Африка елдері тұтынып келген. Қазір Қара теңіздегі порттарда 4 миллион тонна астық тұр.
«Бірінші кезекте біздің алдымызда бірнеше экономикалық міндет тұр. Украина мен Молдовадан шыққан азық-түлікті діттеген орнына жеткізуге көмектесуіміз қажет. Өйткені әлемнің әр бөлігіндегі қандай да бір тапшылықтың алдын алғымыз келеді. Бұл – үлкен логистикалық мәселе», деді транспорт бойынша еурокомиссар Адина-Иоана Вэлян.
Украинада астық көп мөлшерде өндірілмеуі мүмкін. Ал Ресей жаздың соңына дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне астық тасымалына тыйым салған. БҰҰ жағдайдың қиындауы көптеген елдерде аштық пен инфляцияға алып келе ме деп қорқады. Мәселен, ірі экспортерлердің бірі Үндістан өз бидайын сатпау туралы шешім қабылдаған.
Қазақстан әзірге экспортты жалғастырып келеді. Алайда отандық өндірушілер өзімізге арналған қор туралы ойлану керек дейді.
«Экспорт көлемі айына 700 мың тоннаға дейін жетті. Бұл Қазақстан үшін үлкен көрсеткіш болып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі экспортты квоталау туралы қаулы шығарды. Квотаға сәйкес екі айда миллион тонна астық экспортталуы керек. 15 маусымнан кейін бидайды экспорттауға құқығымыз жоқ, себебі өз елімізді астықсыз қалдырамыз. Әзірге 500 мың тонна етіп қалдырсын, ал қыркүйекте миллион тонна астық болады. Есесіне тамыз айында астықсыз, ұнсыз қалмаймыз», дейді Қазақстан астық өңдеушілер кеңесінің президенті Алихан Талғатбек.
Мамандар бидай экспорты бойынша еліміз үшін жаңа көкжиектер ашылып келетінін айтады. Қазір Қазақстан бидайы Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан мен Қырғызстанға экспортталады.
«Жаңа бағыттар Қара теңіз бағытында болмақ, Грузия арқылы экспорттауға болады. Қайда жеткізуге болатынын қарап жатырмыз. Алайда қазір логистика қымбат. Сондықтан Америка секілді нарықпен бәсекеге түсу қиын. Бәсекеге төтеп бере алмаймыз. Мәселен, Поти портына дейін жеткізу 120-150 доллар болады. Яғни бидай бағасы 370-380 доллар, бірақ жартысын тек жеткізу үшін төлейміз», деп қосты Алихан Талғатбек.
Алайда сарапшылардың барлығы бидай экспортын тоқтату керек деп санамайды. Себебі бұл жағдайда керісінше ұтыламыз дейді. Олар Қазақстанда астық тапшылығы болмайды деп сендірді. Егер жыл сайын көтерілетін мәселені шешсе, бидай барлығына жетеді екен.
«Қазақстан – бидай экспорттаушы. Бұл – біздің бизнес. Бұл мұнай немесе мыс экспортын тоқтатумен бірдей. Экономикамызға үлкен соққы болып тиеді. Көп елдермен қарым-қатынас үзіледі. Барлық уақытта шаруаларға тыңайтқышқа, тұқымдыққа, жанармайға ақша жетпей жатады. Субсидияланған дизель отынын берсе де, көңілі толмайтындар бар», деді сарапшы Кирилл Павлов.
Болжам бойынша, биыл шаруалар 10 миллион тонна астық жинауы керек. Квота мерзімі ұзартыла ма, әлде жаңа өзгерістер енгізіле ме, әзірге белгісіз.
Аружан Амангелді
Үндістанда көшкіннен қаза тапқандар саны 42-ге жетті
Әлем • Бүгін, 17:10
Семейде көпқабатты үйден өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:35
Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Қаржы • Бүгін, 16:27
CОVID-19: Алматы қаласы қайта «сары» аймаққа өтті
Коронавирус • Бүгін, 16:20
Мемлекет басшысы Еуропа одағының президентін Қазақстанға шақырды
Президент • Бүгін, 16:14
Қырғызстанда қазақтар қауымдастығының экс-басшысы сотталды
Қоғам • Бүгін, 16:06
Атырауда дизель отынын заңсыз сатқандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:55
Жыл басынан бері жол апатынан мыңға жуық адам қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 15:44
Қазақстанда Қызыл кітаптың онлайн нұсқасы пайда болады
Қазақстан • Бүгін, 15:34
Әскери гарнизондардан 825 млн теңгенің мүлкі ұрланған
Қазақстан • Бүгін, 15:21
Үндістанда автобус шатқалға құлап, 16 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:16
Алматыда үшінші вокзал салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Ресей шекарадағы барлық шектеулерді алып тастайды
Әлем • Бүгін, 14:48
Президент «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:34
Әлихан Смайылов ресейлік ірі компания басшыларымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 14:27
Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:18
Экономика • Бүгін, 14:08
Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу керек – Ералы Тоғжанов
Қазақстан • Бүгін, 13:55
Алматыда сауда орталығына тағы «бомба қойылды»
Оқиға • Бүгін, 13:40
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 13:33
AsiaCredit Bank-тің мүлкін ұрлауға қатысты іс тергеліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:02
Талдықорғанда қоқыс жәшігінен нәресте табылды
Оқиға • Бүгін, 12:53
Велошерушілер елордаға бет алды
Спорт • Бүгін, 12:43
Ішкі істер органдарында бірқатар тағайындау болды
Қоғам • Бүгін, 12:35
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:28
Қазақстанда қылмыс тыйылмай тұр
Қоғам • Бүгін, 12:19
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:08
Оқушыларды бұрын сотталған адамдар тасымалдаған – Бас прокуратура
Оқиға • Бүгін, 11:57
Қазақстанда таратылатын 9 банктің салымшылары ақшасын алды
Экономика • Бүгін, 11:49
Құрбан айт: Қазақстанда арнайы сайт іске қосылды
Руханият • Бүгін, 11:37
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясында Арал теңізінің проблемалары талқыланды
Парламент • Бүгін, 11:28
Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 11:13
Биыл 30 мың шақырым жолға арнайы белгілер орнатылады
Қазақстан • Бүгін, 10:53
Мәдениет саласындағы Елбасы стипендиясының атауын өзгерту ұсынылды
Білім • Бүгін, 10:38
Биыл 7,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қоғам • Бүгін, 10:19
Елордада тыйым салынған аймақта суға түскен оқушы көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 10:08
Ақтауда 109 жедел желісі іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 09:51
Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Ұқсас жаңалықтар