Қазақстан • 26 Мамыр, 2022

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артып келеді

1027 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 15 қазанда орнаған. Екіжақты ынтымақтастық аясында 180-нен астам келісім-шартқа қол қойылған, деп хабарлайды Egemen.kz БОРТ №1 телеграм арнасына сілтеме жасап.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артып келеді

Қазақстан – Қырғызстанның жетекші сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 2021 жылы 970,8 млн доллар болып, 2020 жылмен салыстырғанда 14%-ға өскен (625,2 млн долл.). Экспорт 7,6%-ға (625 млн долл.), импорт 29,2%-ға (345,6 млн долл.) артқан.

2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығында тауар айналымы 206,3 млн долларға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға (200,6 млн долл.) ұлғайған.

Бүгінде елімізде Қырғызстанның заңды тұлғаларының, филиалдарының және өкілдіктерінің қатысуымен 807 кәсіпорын, сондай-ақ Қазақстан аумағымызда бірлескен 233, ал Қырғызстан аумағында бірлескен 373 кәсіпорын жұмыс істейді.

2005 жылдан бастап еліміздің Қырғызстанға салған тікелей инвестициясының көлемі 1,352 млрд долларды, ал Қырғызстаннан Қазақстанға құйылған инвестиция көлемі 97,1 млн долларды құрайды.

Аяна Тоғанбек