Президент • 26 Мамыр, 2022

Президенттің Қырғызстанға ресми сапары аяқталды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президенттің Қырғызстанға ресми сапары аяқталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Бішкек әуежайынан Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров шығарып салды.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға барды. Қырғызстан Президенті «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды. 

Қазақстан мен Қырғызстан ресми делегацияларының қатысуымен өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөзден кейін бірқатар құжатқа қол қойылды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қырғызстан астанасындағы «Театр» гүлзарының орталық аллеясына қойылған Ұлы Абай ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты.

Аяна Тоғанбек