Аймақтар • 26 Мамыр, 2022

Петропавл әуежайы тағы да сатылымға қойылды

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл әуежайы екі рет сатылымға шығарылып, өтпеді. Жергілікті билік маңызды нысанды сенімгерлік басқаруға беріп, шығынды кәсіпорынның жағдайын түземек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавл әуежайы тағы да сатылымға қойылды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, әуежай мүлкі жақын маңда тағы да саудаға түседі.

«Бірінші саудада өтпегендіктен екінші рет бағасын екі есе арзандатуға мәжбүр болдық. Осы жолы, үшінші саудада алғашқы құнын қайтарамыз, яғни 5,6 млрд теңгеге саудаланбақ. Қызығушылар табылуы мүмкін», дейді өңір басшысы.

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, жыл сайын әуежай жұмыс істеуі үшін бюджеттен 200 млн теңге жұмсалады.

«Қазір әуежай жұмыс істеп тұр. Бірақ авиациялық қауіпсіздік қызметі бізге ондағы олқылықтардың орнын толтырыңдар деп үнемі айтады. Мәселен мұнай қоймасы керек. Сонда үлкен ұшақтар ұшатын болады, бұл тасымалды арттырады. Бірақ бұл мәселені шешу үшін үлкен инвестиция қажет. Көптеген мамандарды тарту қажет. Өкінішке орай, біз әзірге бюджет қаражатына бұл шығындарды енгізе алмаймыз. Инвесторлар келіп, бизнесті жүргізуі керек. Ол үшін халықаралық әуе компанияларымен байланыс орнатып, келіссөздер жүргізу қажет. Әкімдік бұл шаруамен айналыса алмайды», деді СҚО әкімі.

Аяна Тоғанбек