Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов Конституциялық реформаның негізгі бағыттарына тоқталды.
«Бұл шын мәнінде жаңа Қазақстанның қалыптасуындағы басты саяси оқиға. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум өткізу туралы шешімі елдің саяси өмірінде ғана емес, қоғамдық өмірінде де маңызды. Референдум біздің азаматтық ұстанымымызды нығайтуға мүмкіндік береді және елдегі қоғамдық-саяси жағдайға жағымды әсер етеді. Медициналық қоғамдастықты алдағы саяси өзгерістер мәселесінде шетте қалмауға шақырамын», деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 5 маусымда Қазақстанда Конституцияға түзетулер бойынша референдум өтеді. Оны өткізу кезеңінде барлық сайлау учаскелері құрамында медицина қызметкерлері бар медициналық пунктермен жарақтандырылатын болады. Осы күні қала бойынша барлығы 247 ашық учаске жұмысын бастайды. Мәжілісте конституциялық реформаларды талқылаудан басқа, денсаулық сақтау жүйесіндегі ағымдағы мәселелерді талқыланды, қаланың медициналық ұйымдарының, соның ішінде жекеменшік ұйымдардың жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды. COVID-19-ға қарсы вакциналау мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың жаңа штамдарының айналымы туралы айтқан болатын.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қала тұрғындарын вакциналауға және денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Бүгінгі күні қала бойынша 500 мыңға жуық тұрғын иммундаудың толық курсынан өтті, шамамен 128 мың адам қайта вакцина алды.