Аталған додада спорттық жолын аяқтаған ойыншылар өнер көрсетеді. «Ұзақ үзілістен кейін үлкен кортқа қайта оралатыныма қуаныштымын. Ұлыбританияда Ванямен кездесуді асыға күтемін. Енді лайықты өнер көрсету үшін дұрыстап жаттығу керек», дейді Я.Шведова. Айта кетейік, 2010 жылы Ярослава мен Ваня 145 жылдық тарихы бар «Уимблдон» бәсекесінің жұптық кезеңінде топ жарған еді. Олар финалда ресейлік Елена Веснина мен Вера Звонаревадан екі сетте – 7:6, 6:2 есебімен басым түскен болатын.
Сондай-ақ қазақстандық жас теннисшілер Аружан Сағындықова мен Максим Батютенко жастар арасындағы Франция ашық чемпионатының іріктеу кезеңдерінде бақ сынайды. Екі теннисші де Team Kazakhstan академиясының түлектері. Жастар арасындағы «Ролан Гаррос» бәсекелері 29 мамыр мен 4 маусым аралығында Парижде өтеді.