Аймақтар • 27 Мамыр, 2022

Ырғыз ауданының екі ауылына газ беріледі

1213 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Ырғыз ауданына жұмыс сапарында Қызылжар және Құтикөл ауылдық округтері тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ырғыз ауданының екі ауылына газ беріледі

Биыл ауданда көптеген әлеуметтік нысандар салынып жатыр. Олардың қатарында құрылысы басталған  сегіз пәтерлі екі қабатты қос үй  бар.  Құрылыс елді мекеніндегі  50 орындық балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Ал, 1978 жылы салынған аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл туралы спорт мектебінің жаттықтырушылары өңір басшысына хабарлады. Мұнда  800 бала 13 спорт түрімен айналысады. Бірақ жарты ғасырдан бері жөндеу көрмеген ғимарат әбден тозған,  заманауи спорт жабдықтары да жоқ.  Өңір басшысы ғимаратты  жөндеу жұмыстарына қаржы бөлуге қолдау көрсетуді тапсырды. 

вааа

асапс 

впмвыя

вая

Аудан ішіндегі маңызды жолдар қатарындағы  «Ырғыз-Құтикөл» автокөлік жолын жөндеуге облыстық мәслихат депутаттары соңғы сессияда  330 миллион теңге қаржы бөлген болатын. Бұл тасжол да салынғалы жөндеу көрмеген, әсіресе күз бен көктемдегі жауын-шашында жол сазданып, ауыл тұрғындарының қатынасына  қиындық тудыратын.

Құтикөл елдімекенінде 1102 тұрғын бар. Биыл жылдың соңына дейін ауылға газ құбыры тартылады деп күтілуде. Қазір аудан орталығынан тартылған құбыр желісі ауылдың шетіне кіріп тұр. Енді ауылішілік желіні қосу керек. Осы жоба «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қаржыландырылады. Жоба бюджеті 795 миллион теңге. Күзге дейін Құтикөлге газ құбыры тартылса, құрылысы 2023 жылға жоспарланған Нұра ауылына да газ жүргізуді биыл жеделдетуді тапсырды өңір басшысы.

Айта кету керек, Құтикөл мен Нұра ауылдарының арасы жақын, Нұраға газ жүргізу жобасы 63 миллион теңгеге жобаланған.

Құтикөл ауылына аудан орталығынан ауыз су құбыры да тартылуда.

«Су дебетіне байланысты мәселе бар, қазір су Ырғыз ауылының өзінен келеді. Сондықтан ұңғыманы осы жерден бұрғылау керек. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізген жөн. Бастысы - су бар. Бұл сұрақты 2-3 жыл ішінде шешеміз деп ойлаймын», деді Оңдасын Оразалин Құтикөл елді мекенінің тұрғындарымен кездесуінде.

 Ақтөбе облысы.