Аймақтар • 27 Мамыр, 2022

Досын пышақтаған қылмыскерге сот үкімі шықты

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облыстық соты досын пәтерде пышақтап өлтірген қылмыскерді 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Досын пышақтаған қылмыскерге сот үкімі шықты

Оқиға өткен 2021 жылы 3 қараша күні сағат 18.00 шамасында болған.

М. есімді азамат Ақтау қаласындағы үйінде танысымен ішімдік ішіп, кейін араларында жанжал туындаған. Артынша қылмыскер жанындағы серігінің кеудесіне пышақ сұққан. Ауыр жарақат алған жәбірленуші сол жерде көз жұмды.

Сот үкім заңды күшіне енді.