Футбол • 29 Мамыр, 2022

«Реал Мадрид» Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париждегі «Стад де Франс» стадионында ағылшындық «Ливерпуль» мен испандық «Реал Мадрид» арасындағы Чемпиондар лигасының финалы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.



«Реал Мадрид» Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Бастапқы құрамдар мынадай болды: Ливерпуль: Бекер, Робертсон, Ван Дейк, Конат, Александр-Арнольд, Фабиньо, Алькантара, Хендерсон, Диас, Мане, Салах Реал Мадрид: Куртуа, Менди, Алаба, Милитао, Карвахаль, Кросс, Каземиро, Модрич, Вальверде, Жуниор, Бензема. Ойындағы жалғыз голды кездесудің 59-минутында Винисиус Жуниор соқты.

Бұл матчтағы «Реал Мадридтің» қақпаға бірінші ресми соққысы болды. Испандық клуб өз рекордын жаңартып, тарихта 14-ші рет Еуропа кубогының басты турнирін жеңіп алды.