Аймақтар • 29 Мамыр, 2022

Степногорскте иісшіл ит үйге жасырылған есірткіні тапты

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Степногорск қаласында иісшіл иттің көмегімен үйге жасырылған есірткі табылды. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Степногорскте иісшіл ит үйге жасырылған есірткіні тапты

Ресми мәліметке сүйенсек, оқиға 27 мамыр күні Ақмола облысына қарасты Степногорск қаласында болды. Қалалық полиция басқармасынан 3517-әскери бөліміне есірткі затын табуға көмек сұраған өтініш келіп түскен. Қала маңындағы жеке үйлердің бірінде есірткі жасырылған деген жедел ақпаратқа сәйкес әскери бөлімнен кинолог маман, ефрейтор Ғалымжан Өтепбергенов «Миранда» лақап аты бар иісшіл итімен аттанады. Үйді тінту барысында «Миранда» бөлмелердің бірінде есірткі жасырылған жерді белгімен білдіреді. Нәтижесінде қызметтік ит көрсеткен жерден жасыл түсті 6 пакет табылды. Ұсталған үй иесі одан әрі мән-жайды анықтау үшін қалалық полиция басқармасына жеткізілді.

«Миранда» – есіткі затын табуға үйретілген қызметтік ит. Мінезі жақсы, оған ойнаған жағады. Тіпті бұл қызметін ойын ретінде көреді. Осыған дейін де ол әлденеше рет есірткі тапқан. Болашақта иісшілдігінен жаңылмайтынына сенімдімін», дейді ефрейтор Ғалымжан Өтепбергенов.

 

Соңғы жаңалықтар