Оқиға • 29 Мамыр, 2022

БҚО-да жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.



БҚО-да жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 28 мамыр күні Ақжайық ауданы Алмалы ауылында болды. Сағат 18.00-де ауылдан 3 шақырым жердегі Жайық өзенінде шомылуға тыйым салынған жерде алдағы айда 15 жасқа толатын ер бала батып кетті.

Кешеден бері іздестіру жұмыстары жүргізіліп, марқұмның денесі 29 мамыр күні сағат 07.00-де оқиға болған жерден 50-60 шақырым қашықтан табылып, судан шығарылды.