Демек eGov порталының пайдаланушысы өзіне, сондай-ақ отбасының барлық мүшесіне аталған қызметке онлайн тапсырыс бере алады. Қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Пайдаланушыларға қойылатын міндетті талаптар – Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен Электронды цифрлы қолтаңбаның (ЭЦҚ) болуы.
Бұл жаңашылдық Мемлекет басшысының Бюрократиядан арылту жөніндегі Жарлығы аясында жүзеге асырылды. Мұндағы көзделген меже – цифрлы трансформация арқылы мемлекеттік басқарудың барлық саласына жүйелі реинжиниринг жүргізу.
«Мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіру бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бұрын аталған қызмет ХҚО мен жергілікті атқарушы органдар арқылы оффлайн түрінде көрсетіліп келген. Енді ХҚО-ға бармай-ақ, қызметті Электронды үкімет порталы (eGov.kz) арқылы онлайн алуға болады. Бұл қызметтің азаматтар үшін маңыздылығын түсініп, қызметті алу процесін жеңілдеттік», деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Қызметті қолдану үшін Электронды үкімет порталын пайдаланатын кез келген азамат қажетті қызмет түрін (қандас мәртебесін беру немесе ұзарту) таңдайды. Таңдалған қызмет түріне сәйкес мәртебені алу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы тексеру жүзеге асырылады.
Барлық міндетті жолды толтырып, сұрастырылған құжаттарды қоса тіркеу қажет (файлдар pdf немесе jpg форматында).
Сондай-ақ өтінім берген кезде пайдаланушы қандас мәртебесін беруге немесе ұзартуға байланысты қажеттілікті отбасы мүшелеріне қатысты мәліметтерді де толтыра алады. Отбасы мүшелерінің санына шектеу жоқ.
Қызмет көрсетудің нәтижесі – қандас куәлігі, жергілікті атқарушы органның қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімі немесе электронды құжат нысанында пайдаланушының «жеке кабинетіне» жіберілген мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартудан байқалу керек. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – жұмыс аптасының 4 күні.
Аталған қызмет еліміздің бас қаласы, Алматы және Шымкент қаласы мен облыстық маңызы бар қалалардың ХҚО-лары мен жергілікті атқарушы органдарда қолжетімді.