Әлем • 30 Мамыр, 2022

Непалда жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кетті

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Непалдың авиациялық қызметтері 22 адамнан тұратын Tara Air ұшағымен байланысын жоғалтты, деп хабарлайды Egemen.kz ANI агенттігіне сілтеме жасап.

Непалда жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кетті

Бортта 19 жолаушы және экипаждың үш мүшесі бар екені белгілі. Жолаушылар арасында Непал, Үндістан азаматтары және Германияның екі азаматы бар. Ұшақ Покхара әуежайынан ұшып, бірнеше минуттан кейін радардан жоғалған.

«Қазір мамандар әуе кемесін іздеп жатыр. Екі жеке тікұшақ пен Непал әуе кемесінің Ми-17 тікұшағы іздестіруге жіберілді», деп атап өтті Қорғаныс департаментінің өкілі Нараян Силвал.