Экономика • 30 Мамыр, 2022

Ұлттық банктің халықаралық резерві өсті

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банктің халықаралық резерві 2022 жылғы сәуірде 33,4 млрд АҚШ долларын құрап, 0,8%-ға өсті. Бұл туралы Egemen.kz ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық банктің халықаралық резерві өсті

«Алтынның портфелі ұлғаюы және Қаржы министрлігінің Ұлттық Банктегі шоттарына қаражат түсуі есебінен алтынвалюта резервтері өсті. Алтын портфелі басым құқықты іске асыру шеңберінде алтынды сатып алуға байланысты 200 млн доллардан астам өсті. Елдің жалпы халықаралық резервтері, жалпы алғанда, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (52,5 млрд АҚШ доллары) қоса, 2022 жылғы сәуірдің соңында 85,9 млрд АҚШ долларын құрады. 2022 жылғы сәуірде ақша базасы 7,6%-ға тарылып, 9 968,0 млрд теңгені құрады», делінген хабарламада.

2022 жылғы сәуірде ақша массасы 28 984,2 млрд теңге болып, 1,8%-ға (жыл басынан бастап – 3,7%-ға) төмендеді. Ал айналымдағы қолма-қол ақша 3 106,6 млрд теңгеге дейін 1,6%-ға (жыл басынан бастап 3,6%-ға) өсті.