Спорт • 30 Мамыр, 2022

Ислам Усейнов нысана көздеуден әлем кубогының жүлдегері атанды

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық мерген Ислам Усейнов нысана көздеуден әлем кубогының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ислам Усейнов нысана көздеуден әлем кубогының жүлдегері атанды

Фото: ISSF

Әзірбайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден әлем кубогы өтіп жатыр. 

10 метрден пневматикалық мылтықтан көздеп ату бойынша отандасымыз Ислам Усейнов жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жарыс нәтижесі бойынша 260.5 ұпай еншілеп, жарыстың үшінші орынына ие болды. 

Айта кетсек, хорватиялық Миран Маричич жеңімпаз атанса, сербиялық Лазар Ковачевич күміспен күптелді.