«Мамырдың 28-інде сағат 15:00 шамасында Есіл ауданындағы Жаныспай ауылынан 250 метр қашықтықтағы Жаныспай өзенінен 63 жастағы ер адамның денесі табылды. Оны куәгерлер көріп, судан алып шықты. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 2 адам және 1 арнайы техника, аудандық ПБ жеке құрамынан 8 адам және 2 техника шақырылды. Қазіргі кезде ер адамның өліміне қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды», деді ведомстводан.
Сонымен бірге, мамырдың 29-ында сағат 11:30 Бұланды ауданының Боярка ауылы маңындағы Қарағай кентінде 32 жастағы ер адамның денесін сүңгуірлер судан алып шықты.
Куәгерлердің сөзінше, ол 28 мамыр күні сағат 15:00 шамасында қайықтан құлап, тоғанның суына батып кеткен.