Қазақстан • 31 Мамыр, 2022

Басты назарда – KAZCENT дайындығы

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанға БҰҰ-ның Бейбітшілікті қолдау операциялары депар­таментінің сарапшылары консультативтік сапармен келді.

Басты назарда – KAZCENT дайындығы

Сарапшылардың Бітімгершілік дайындық орталығына (KAZCENT) барудағы басты мақсаты – оның қызметімен танысу және қазақ­стан­дық бітімгершілік контин­гент­тің дайындық әлеуетінің жүйесі шең­берінде БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларына қатысуға дайындығын айқындау.

Сарапшылар бітімгерлердің оқу процесінің негізгі бағыттарын, оның ішінде ағылшын тілін оқыту мен халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын зерделеді. Алматы об­лысының Тілендиев ауылындағы Бітімгерлерді дайындау оқу-жаттығу орталығында практикалық іс-қимыл­дар көрсетілді.

Біріккен бөлімшенің бақылау-өткізу және қадағалау пункттерінде қызмет атқару, гуманитарлық жүкті алып жүру, маңызды объектілерді күзету, жергілікті халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу және сол аймақты патрульдеу тапсырмаларын пысықтады.

Сарапшылар ұшқышсыз бас­қа­ры-
­­латын аппарат­тар бөлімшелерінің іс-қимылын, олардың техникалық мүмкіндіктерін, оларды бақылау және ақпарат жинау қабілетін бағалады. Инженерлік-саперлік бөлімшелердің мамандары қолдан жасалған жарыл­ғыш заттарды табу және оларды жою іс-қимылдарын орындады.

Қорғаныс министрлігінің әске­ри медицина орталығында бол­ған БҰҰ-ның өкілдері ҚР ҚК әске­ри қыз­метшілерінің әскери-медици­налық дайындық деңгейін көрді.

Сапардың қорытындылары бойын­ша БҰҰ-ның бітімгершілік әлеуе­­тінің әзірлік жүйесінің ілге­рілеу мүмкіндігіне, қару-жарақпен, әс­кери және арнайы техникамен, медициналық, тылдық және басқа да мүлікпен жарақтандырылуына, сондай-ақ Қазақстанның бітімгер­шілік контингентінің дайындық деңгейіне алдын ала баға берілетін болады.