18 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №353

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2014 жылғы 14 сәуір Астана, Үкімет Үйі «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 50, 678-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы Қағидалардың алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін және 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 12-тармағын, 15-тармағының екінші бөлігін, 174-тармағын және 177-тармағының екінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі      К.МӘСІМОВ. ТОЛЫҚ МӘТІН