Talqylau алаңында сөз сөйлеген партияның референдумды қолдау бойынша құрылған республикалық штаб мүшесі, «Ақмола-Тіршілік» серіктестігінің директоры, жазушы Жабал Ерғалиев: «Біз, Қазақстан халқы тарихтың жауапты кезеңінде тұрғандығымызды айқын сезінуіміз керек. Алдағы айдың 5 маусым күні өтетін референдум мемлекетіміздің жаңа болашағын анықтайды. Осы өзгертулер арқылы біз дамудың жаңа сатысына түсетін боламыз», деп алдағы референдумның маңыздылығына мән бере тоқталды.
Жиналған қауымның өздерін толғантып жүрген көптеген сұрақтарына толыққанды жауап алуға мүмкіндік туды. Тікелей эфирде өткендіктен, әлеуметтік желі бойынша көрермендерден сан түрлі сұрақтар келіп түсті.
Сөйтіп, диалогтық алаң арқылы алдағы референдумның мән-маңызын халыққа жеткізу мақсат етілді. Мақсат орындалғандай.
Talqylau алаңы бір реттік эфир емес. Тұрғындарды толғандыратын түйткілді мәселелер алдағы уақытта да осы алаңда талқыланатын болады.
Көкшетау