Референдум-2022 • 31 Мамыр, 2022

Әділдік – халық тілегі

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Референдум жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл жай ғана саяси іс-әрекет немесе уа­қыт­ты босқа жоғалту емес. Біз үшін алдағы бағыт-бағдарымызды айқындайтын сәт кел­ді.

Әділдік – халық тілегі

Елімізде болған күрделі оқиғалар ха­лық­тың бірлігі мен мықтылығын сынап көрді. Сыртқы күштердің шабуылына ұшы­ра­дық. Қордаланып қалған мәсе­ле­лер бүгін шешуді қажет етеді. Әділ Конс­ти­туция ғана халықтың талап-тілегіне негіз­дел­мек. Біз енді елдің жасампаздық күшін ортақ мақсат жолына бұрғымыз келеді. Рефе­рен­думда барлық тараптың үнін еститін бола­мыз.

Демократияны, ашық қоғам мен әділ­дік­ті орнатуда әрбір қазақстандықтың мүм­кіндігі болуы керек. Референдум қоғам талабына жауап береді. Конс­ти­ту­ция­ның жаңа редакциясы биліктің барлық деңгейінде сая­си конфигурацияны түбегейлі өзгертеді. Қазақстан мен оның халқы ғана өзгеріссіз қалады. Халық пен мемлекеттің мүддесі сақ­талады. Референдумнан кейін біз мемлекет пен азаматтарымыздың өзара жауапкершілігінің нақты алгоритміне қол жеткіземіз. Ата Заңға енгізілетін түзетулерді қолдап, барынша белсенділік танытуымыз керек.

Бұл тек өзімізге ғана емес, ниеттес және алыс-жақын елдерге, барша әлемге берген жауабымыз болмақ. Дүниежүзі біздің бірлігімізді, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанған бағытын қолдайтынымызды көретін болады. Қазақстанның көпұлтты болуы біздің стратегиялық ресурсымыз екені анық. Ендеше, еліміздің мақсаты айқын, ынтымағы берік екенін дәлелдейтін сәт туып тұр.

 

Ахмет МҰРАДОВ,

қоғам қайраткері,

Қазақстанның «Вайнах» чешен және ингуштар қауымдастығының тең төрағасы,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі