
Шемонаиха ауданының тумасы Өскемен қаласындағы «Ана үйі» дағдарыс орталығына өзінің 6 жастағы қызын ертіп әкелген. Қазір қыз балалар үйінде тұрады. Отбасылық жағдайға байланысты әйел жылдар бойы құжатсыз жүрген.
Қалалық полиция басқармасының көші-қон бөлімі дағдарыс орталығының мамандарымен бірге анасына қажетті құжатты жинауға көмектесті. Соның негізінде алдымен туу туралы куәлік, одан кейін жеке кәулік рәсімделді. Енді 24 жастағы келіншек жұмысқа орналасып, қызымен бірге тұра алады.
Ресми мәліметке сүйенсек, биыл тәртіп сақшылары 30-дан астам адамға жеке куәлікті рәсімдеуге көмектескен.
Салтанат Кенжебай