Министр қант тапшылығы Ресей Федерациясының қант экспортына салған тыйымына байланысты екенін айтты.
Оның айтуынша, ЕЭК Кеңесінің 2022 жыл 15 сәуірдегі шешімі шеңберінде Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 31 тамызға дейін 350 мың тонна көлемінде ақ қант пен шикі құрақ қантты бажсыз әкелу құқығы берілген.
Сондай-ақ ол бүгінде Қазақстан аумағында қант тиелген 152 вагон (10 мың тоннадан аса) келе жатқанын, 58 вагон түсіру орнына жеткенін, 94 вагон межелі станцияға 7 тәулік ішінде келетінін айтты.
«Биыл 27 мамырда Нұр-Сұлтан қаласына «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» 2 вагон қант (шамамен 130 тонна) келіп түсті. Ал 30 мамырда Нұр-Сұлтанға келген қантты Magnum сауда желісі сатып алды, ол бөлшек сауда орындарына жеткізіліп жатыр», деді министр.
Гүлдана Елубай