Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Сарқан ауданы аумағындағы Қойлық ауылының маңында орын алған.
Көлікте 7 адам болған. 22 жастағы қыз бала оқиға орнында жан тапсырған, ал тағы көлік жүргізуші мен бір жастағы сәби ауруханада қайтыс болды.
«30 мамыр күні сағат 18:00 шамасында мersedes көлігі аударылған. Зардап шеккендердің барлығы Алакөл ауданының тұрғындары», деді аудан әкімі баспасөз қызметінің хатшысы Олжас Құрмашев.