Аймақтар • 31 Мамыр, 2022

Атырау облысына 6 вагон қант жеткізілетін болды

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының мәліметінше, Алматы облысындағы «Көксу қант» зауытының басшыларымен келіссөз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысына 6 вагон қант жеткізілетін болды

Аталған зауыттан өңірге қосымша 408 тонна қант жеткізу жоспарланып отыр.

«Атырау облысына сәуір айынан бері 536 тонна қант жеткізілді. «Идеал Маркет» ЖШС-нің сауда желілеріне 6 вагонмен 408 тонна, өзге супермаркет желілеріне 2 вагонмен 128 тонна қант тасымалданды. Қазір сауда желілерінің сөрелерде қант сатылымда тұр. Дегенмен, қант әр адамға 3 келіден сатылыды. Себебі, жеке дүкен иелері немесе басқа да тұтынушылар қантты бір мезетте төмен бағамен өте көп мөлшерде сатып алуы мүмкін. Кейін қант бағасына үстеме қосып, қымбатқа сатады. Сондықтан супермаркеттерде қант белгілі бір мерзімде ғана сөрелерге шығарылып тұрады», дейді Нұрбол Жаңабеков.

Оның айтуынша, азық-түлік бағасын қадағалау мақсатында сауда орындарына рейд жүргізіліп жатыр. Мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта аптасына бірнеше рет жүргізіледі.

«Қазір азық-түлік бағасының тұрақтылығына, негізсіз өсуіне қадағалау жүргізу үшін мониторингтік іс-шаралар қолға алынды. Мақсат – тұрғындарға азық-түліктің қолжетімді бағамен ұсынылуын қадағалау», деп мәлім етті Нұрбол Жаңабеков.