«Метрополитен» КМК баспасөз қызметі орын алған оқиғаға байланысты түсініктеме берді.
«Пойыз техникалық себептермен Алмалы мен Абай стансалары арасындағы туннельде тоқтап қалды. Қазір бұның нақты себептері анықталып жатыр. Қосымша ақпарат беріледі. Пойыздар кестесі қалпына келтіріліп жатыр», делінген хабарламада.