Аймақтар • 01 Маусым, 2022

Атырауда оқушылар жаз бойы қоғамдық көлікте тегін жүреді

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда оқушылар жаз бойы қоғамдық көлікте тегін жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда оқушылар жаз бойы қоғамдық көлікте тегін жүреді

Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жазғы демалыста орта мектеп оқушылары үшін қоғамдық көлікте жол жүруді тегін ету туралы шешім қабылданған.

«Мектеп оқушылары автобусқа мінгенде, өзімен бірге көлік картасын алып жүруі қажет. Тасымалданған бенефициар санын нақтылау үшін картаны валидаторға тигізу керек. Бұл кезде картадан төлем үшін ақша алынбайды. Осылайша, Атыраудағы балалар мен жасөспірімдер көлікті жаз бойы тегін пайдаланады. Ал, студенттер қоғамдық көлікте жеңілдетілген тарифпен жүреді. Олар үшін жол жүру құны - 40 теңге», деп мәлім етті «Смарт Атырау» КММ директоры Арслан Аронов.

Оның айтуынша, мектеп оқушыларына сәуір айынан бері жолақы толығымен тегін болған.

Осы айға дейін күніне алғашқы екі сапар үшін оқушылардың картасынан төлем жасалмаған. Оқушылар бұдан кейінгі сапарға жол жүру ақысын төлеген.

Алайда мұндай талап Атырау қалалық мәслихатының шешіміне қайшы келген. Мұны Атырау қалалық прокуратурасы анықтады. Қазір бұл олқылық жойылған.